Атырау, 28 қараша 13:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мешіттегі қанды қырғын: ұсталған үш күдіктінің терактіге қатысы болмай шықты

5 950 просмотра


Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландияда теракт ұйымдастырды деп ұсталған үш адамның мешіттегі қанды қырғынға қатысы жоқ деп санайды. Бұл туралы елдің полиция басшысы Майк Буш баспасөз мәслихаты кезінде хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Терактіден кейін полиция төрт адамды ұстаған: үш ер азамат және бір әйел. Олардың арасында 28 жастағы Австралия азаматы Брентон Таррантқа кісі өлтіргені үшін айып тағылды. Ол 5 сәуірге дейін қамауға алынған.

Буштың сөзіне сүйенсек, полиция тағы бір ер мен әйелді ұстапты, себебі олардың көлігінен оқ ататын қару табылған. Әйелді босатты, ал ер адамға "оқ ататын қаруға қатысты" құқық бұзушы әрекеттер жасағаны үшін айып тағылды. Үшінші ұсталған адам нәсілдік кемсітушілікке арандатты деген айыппен дүйсенбі күні сот алдына келеді.

"Бұл адамдардың қарулы шабуылдарға қатысы жоқ деп санаймыз", - деп мәлімдеді Буш.

Жаңа Зеландия полициясының басшысы хабарлағандай, теракт болған жерде тағы бір қаза тапқан кісінің денесі табылды. Сонымен, барлығы 50 адам лаңкестіктің құрбаны болған. Ал зардап шеккендер саны – 50, олардың 36-сы ауруханада жатыр: 11 зардап шегуші ауыр халде.

Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерчтің екі мешітінде атыс болды. Жаңа Зеландия премьер-министрі оқиғаны теракт деп атады.

Дереккөз:  sputniknews.kz

17 наурыз 2019, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.