Атырау, 28 қараша 12:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қытай билігі Шыңжаңда «үш бағыт бойынша» күресін күшейтетінін мәлімдеді

2 376 просмотра


Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиясында «үш бағыт бойынша» күресті күшейтпек. «Синьхуа» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қытай Мемлекеттік кеңесі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы аумағында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күрес жүргізуін күшейтетіндігі жөнінде жазылған «Ақ кітап» жариялаған. 

«Қытай үкіметі терроризм және экстремизмнің кез келген түрімен қалыптасқан заң шеңбері аясында күрес жүргізетін болады. Бұған адам құқығына қарсы келетін терактілерді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық түрлері кіреді. Терроризм мен экстремизм аймақ тұрақтылығына нұқсан келтіруде. Салдарынан Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы аз ұлттардың барлығы жапа шегуде» - делінген «Ақ кітапта». 

Бұдан бөлек Қытай мемлекеттік кеңесі таратқан мәлімдемеде, 1999 және 2016 жылдары аралығында аймақта мыңға жуық экстремистік шабуыл жасау фактілері тіркелгендігі жөнінде айтылған. Қытайдағы аз ұлттардың қысым көруіне қатысты ақпараттар 2016 жылдан бері әлемдік БАҚ беттерінен түспей келеді. Осы уақыт аралығында бұл мәселе Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Соңғы екі жылда қазақ қоғамында «Қытайда қысым көріп жатқан қазақ» мәселесі қызу талқылануда және әзірге толықтай өз шешімін тапқан жоқ.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

18 наурыз 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.