Атырау, 22 желтоқсан 09:54
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Қаланы қара тұман тағы басты Экология

Қаланы қара тұман тағы басты

Сейсенбі күні түске қарай редакцияға қалалық қалдық алаңында кезекті өрттің орын алғандығы туралы хабар түсті. Ондағы өрттің болғаны рас екен. Қоқыс алаңы қалың түтінге оранып, ащы қара түтін шығысқа – Ақжар поселкесіне қарай кетіп жатты. 4 тамыз 2011, 15:22 6 941 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Тарихшылар екі күннен кейін табылды

Жылыой ауданында жоғалып кеткен тарихи ескерткіштерді зерттеуші шығармашылық топты іздеу екі күнге созылды. Оған ТЖ департаменті, аудандық әкімдік өкілдері де тартылды. Ақыр соңында жоғалғандарды  КамАЗ жүргізушісі  құтақарды. 21 шілде 2011, 01:03 2 491 рет қаралды
Бизнеске айналған «баклажкалар» Басқа жаңалықтар

Бизнеске айналған «баклажкалар»

Фархат Джамилитдинов бес жерлесімен бірге шағын өзбек ауылынан Атырауға осыдан үш жыл бұрын табыс табу үшін келген екен. Үй салудан бастап, қала көшелеріне кеспек тастар төсеуге дейінгі кез келген жұмысты атқара беретін көрінеді. Ал енді Өзбекстан азаматтары ешкімге керек емес пластик бөтелкелерден ақша жасауды үйреніпті. 21 шілде 2011, 17:41 4 241 рет қаралды
Адасып кеткен асфальт Қоғам

Адасып кеткен асфальт

СМП-136 ықшам ауданындағы жеке тұрғын үй секторы тас жолға сұранып-ақ тұр. Мұнда шамамен 100 шақты үй бар. Олардың біразының мұнда тұрып жатқандарына жарты ғасырдан асса, кейбіреулері жерді 2000 жылы алған. Бір қиыны, тұрғындар содан бері қарай асфальт төселген жолды аңсаумен күн кешіп келеді. 11 мамыр 2011, 17:16 4 044 рет қаралды
Оқиға

Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды

Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 140 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Көлік салығы көтерілді

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарының салық мөлшері өзгерді. Қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін болатын жеңіл көлік салығы 5 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 6 АЕК-ке дейін, ал қозғалтқыш көлемі 2500-ден 3000 текше метрге дейін болатын жеңіл көліктер үшін – 8 АЕК-тен 9 АЕК-ке дейін өскен. 26 қаңтар 2011, 00:00 7 234 рет қаралды
Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ Қоғам

Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ

Жаңа жылға дейін әлі де он күннің үстінде уақыт болса да, өзімізді Аяз Атаның елшісі ретінде таныстырған біз облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған №1 интернатқа, есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына аяқ басқан едік. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Барлық ниет білдірушілер осы бүлдіршіндер үшін Аяз Ата немесе Ақшақар бола алады. Белгілі бір сыйлықтар сатып алу жөніндегі өз өтініштеріңізді «Ақ Жайық» редакциясының 27-23-67 телефонына (Анастасия Пастуховаға) қоңырау шалу арқылы қалдыруларыңызға немесе podarok.dedmoroz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады. №1 облыстық интернатта 70 бала бар, олардың ішінде бастауыш мектеп жасындағы балалар саны – 26. Біз төменгі сынып жасындағы балалардың барлығынан сұхбат алдық. Ал арнайы интернатта жетімдер мен жартылай жетімдер жетеу боп шықты. Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін азғана уақыт қалды! Барлық сыйлықтар 27-ші желтоқсанға дейін редакцияға жетсе жақсы болар еді. Сонда біз де балаларға сіздердің сыйлықтарыңызды Жаңа жылға дейін беріп үлгерер едік. 8 желтоқсан 2010, 00:00 12 481 рет қаралды