Атырау, 23 желтоқсан 00:35
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Көлік салығы көтерілді

6 900 просмотра

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарының салық мөлшері өзгерді.

Қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін болатын жеңіл көлік салығы 5 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 6 АЕК-ке дейін, ал қозғалтқыш көлемі 2500-ден 3000 текше метрге дейін болатын жеңіл көліктер үшін – 8 АЕК-тен 9 АЕК-ке дейін өскен. 2011 жылға бір айлық есептік көрсеткіш 1512 теңге құрайды. Жеңіл көліктердің қозғалтқыш көлемі 4 000 текше сантиметрден көп болса, 117 АЕК мөлшерлемесі бойынша салық сомасы  қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен әрбір асқан бірлік үшін 7 теңгеге көбейеді. Мәселен, 4 700 текше сантиметр көлемдегі көлік құралы үшін салық 181 804 теңге құрайды, яғни, 176 904 теңге (117 АЕК базалық мөлшерлемесі) + асып кеткендігі үшін 4 900 теңге (4 700 – 4 000 = 700х7).5 500 текше сантиметр көлемі бар көлік құралына 2011 жылғы салық сомасы 187 404 теңге құрайды: 176 904 теңге (базалық мөлшерлеме) + 10 500 теңге. Қозғалтқыш көлемі 2000 текше сантиметрден кем түспейтін жеңіл көліктер үшін салық өзгерген жоқ. Көлемі 1 100 текше см-ге дейінгі көлік салығы 1 АЕК, 1 100-ден 1 500 АЕК-ке дейін – 2 АЕК, 1500-ден 2 000 АЕК-ке дейін - 3 АЕК құрайды. 

Бұдан басқа, салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты жеңіл көліктерге енді: В санатындағы көліктер, пикап көліктері, рұқсат етілген масса және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатының талаптарынан асып кететін, жоғарғы сыйымдылықтағы және өткіштігі жоғарғы көліктер (жолсызбен жүретін көліктер, соның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатқызылған. «Енді пикаптар, жолсызбен жүретін көліктер, лимузиндер жеңіл көліктерге арналған мөлшерлеме бойынша салық төлемдері есептеледі», - дейді өндірістік емес төлемдер мен арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының бастығы Ербол ЖҰМАБЕКОВ. Жүк көліктеріне С санатындағы көліктер жатқызылады. Арнайы көліктерге белгілі бір технологиялық операциялар орындауға арналған арнайы жабдықталған көліктер; автобустарға D санатындағы көліктер жатқызылады. Е.Жұмабековтің айтуынша, бұрын жүк көлік құралдарының жүк көтергіштігін анықтау кезінде таластар туындап қалатын – бұл көрсеткіш салық мөлшерін анықтау үшін қажет болатын. Енді бұл тармақ салық кодексінде нақты жазылған. Жүк және арнайы көліктер бойынша салық есептеу үшін, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген көлік құралдарының жүк көтергіштігі көрсеткіші қолданылады. Егер нұсқауда жүк көтергіштік көрсеткіші көрсетілмеген болса, ол рұқсат етілген максималдық көлік құралы мен жүгі жоқ көлік құралының массасының арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Мәселен, КамАЗа-53208 көлігінде көлік құралының рұқсат етілген максималдық массасы – 15 450 кг, жүгі жоқ масса – 7 950 кг. Айырмашылық – 7 500 кг. Жүк көлік құралы үшін 5 тоннадан астам мөлшерлеме 9 АЕК-ке тең. Оған төленетін салық 13 608 теңгеге тең болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.