Атырау, 26 желтоқсан 01:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ

11 941 просмотра

Жаңа жылға дейін әлі де он күннің үстінде уақыт болса да, өзімізді Аяз Атаның елшісі ретінде таныстырған біз облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған №1 интернатқа, есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына аяқ басқан едік. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Барлық ниет білдірушілер осы бүлдіршіндер үшін Аяз Ата немесе Ақшақар бола алады. Белгілі бір сыйлықтар сатып алу жөніндегі өз өтініштеріңізді «Ақ Жайық» редакциясының 27-23-67 телефонына (Анастасия Пастуховаға) қоңырау шалу арқылы қалдыруларыңызға немесе podarok.dedmoroz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады. №1 облыстық интернатта 70 бала бар, олардың ішінде бастауыш мектеп жасындағы балалар саны – 26. Біз төменгі сынып жасындағы балалардың барлығынан сұхбат алдық. Ал арнайы интернатта жетімдер мен жартылай жетімдер жетеу боп шықты.

Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін азғана уақыт қалды! Барлық сыйлықтар 27-ші желтоқсанға дейін редакцияға жетсе жақсы болар еді. Сонда біз де балаларға сіздердің сыйлықтарыңызды Жаңа жылға дейін беріп үлгерер едік.

ОЛАР ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚТЫ АРМАНДАЙДЫ?

Владик Денисов, 7 жаста:

- Сәлеметсің бе, Аяз Ата! Маған шырша астына тетікпен басқарылатын машина салып қойшы. Және егер қиын болмаса оған қоса тетікпен басқарылмайтын шағын камаз болса тіптен қуанып қалар едім. Рахмет саған, Аяз Ата. Сенің бар екеніңе сенетін едім.

 

Кирилл Пустобаев, 6 жаста:

- Мен де тетікпен басқарылатын машинаны қалаймын... Және оның әдемі дөңгелектері болса деймін.

 

 

Толик Пустобаев, 7 жаста:

- Аяз Ата, маған, тетікпен басқарылатын машинаны сыйға тартшы.

 

 

Жанна Сатыбалдиева, 6 жаста:

- Атай, маған өлең айта алатын қуыршақты сыйға тартшы, өтінемін. Сосын сенен қыздарға арналған шашқа тағатын резіңке мен шаш қыстырғыштар жиынтығын сұрағым келеді.

 

Коля Будный, 6 жаста:

- Жазда бір баланың радиомен басқарылатын ұшақпен ойнап жүргенін көрдім. Менде де сондай болса қатты қуанар едім.

 

 

Дима Будный, 6 жаста:

- Сәлеметсің бе, Аяз Ата. Маған Бэтменді салып жіберші, сосын Өрмекші адамның костюмін де қалаймын.

 

 

Эльмира Бақтығалиева, 7 жаста:

- Мен Аяз Атаның ешқашан ауырмағанын қалаймын. Ал сыйлыққа шашқа арналған резіңке мен үйшігі бар Барби қуыршағын алғым келеді. Онымен үй болып ойнаймын.

 

Аня Мурыгина, 7 жаста:

- Атай, маған қыздарға арналған жиынтық сыйлашы. Оның ішінде міндетті түрде балаларға арналған далап, шаш қыстырғыш, бантиктер мен ободок болса екен деймін. Сосын егер саған қиын болмаса Мокси қуыршағын қалаймын. Алдын ала көп рахмет.

 

Коля Ишимов, 13 жаста:

- Мен штангашынікіндей костюм қалаймын. Сосын құлаққабы бар MP3-плеер болса. Мен музыканы қатты жақсы көремін. Рахмет.

 

 

Саша Курбанов, 12 жаста:

- Атай, маған өрмекші адамның костюмін сыйға тартшы. Сонда ертеңгілікте ең әдемісі мен боламын. Сосын тетрис пен МР-3-плеер қалаймын.

 

 

Сулейман Фомин, 10 жаста:

- Жаңа жылда математика бойынша есептерді шешу үшін калькулятор сыйласа екен деймін. Сосын кеды болса. Мен отыз екінші өлшемді аяқ киім киемін.

 

 

Саша Белов, 9 жаста:

- Маған  трансформер сыйлашы. Сосын сағат. Ол сағаттың калькуляторы болса деймін. Алдын ала рахмет.

 

 

Минура Жүнісова, 11 жаста:

- Мен жаңа жылдық костюм, үйшігі бар Барби және қыздарға арналған шаш қыстырғыштар мен ободоктар жиынтығын алғым келеді.

 

 

Фархад Әлиев, 11 жаста:

- Сәлеметсің бе, Аяз Ата! Маған MP3-плеер сыйлашы, өтінемін.

 

 

 

Гауһар Дүйсенғалиева, 11 жаста:

- Маған қаламдар, қарындаштар мен сызғыштар салынған үлкен сауытты сыйға тартқанын қалаймын. Сосын шаш қыстырғыш болса.

 

 

Елена Карташова, 11 жаста:

- Ататай, маған сиқырлы таяқшасы мен тәжі бар Феяның костюмін сыйға тартшы. Сосын маған ақ түсті бантиктер керек. Рахмет.

 

 

Эльдар Бақтыбаев, 11 жаста:

- Маған MP4 болса. Басқа ештеңе керек емес.

 

 

Есболат Рахиденов, 11 жаста:

- Маған MP3-плеер сыйлашы, өтінемін, Атай. Сосын құлаққап болса.

 

 

Аида Қалмағамбетова, 11 жаста:

- Косметикалық қалташығымды салатын қыздардың әдемі сөмкесін қалаймын. Сосын, Атай, маған шаш қыстырғыш сыйлашы.

 

 

Сүндет Қалмағамбетов, 13 жаста:

- Егер онша қымбат болмаса, MP3-плеер. Рахмет.

 

 

 

Борис Астахов, 12 жаста:

- Атай, маған шыршаның астына Зорроның костюмін салып қойшы. Мен барлық жақсы адамдарға көмектесетін боламын.  Сосын трансформер болса.

 

 

Сағыныш Темірәлиева, 10 жаста:

- Егер мүмкін болса, қаламдар, сызғыштар, фломастерлері бар сауытты қалаймын. Атай, сосын әдемі туфли болса. Менің аяқ өлшемім – 35-36.

 

 

Игорь Филюшин, 13 жаста:

- Мен футбол көргенді ұнатамын. Егер маған атай футбол формасы мен кроссовканы сыйға тартса, болашақта ұлы футболшы боламын. Көресіздер әлі. Рахмет.

 

Евгений Ли, 9 жаста:

- Машина қалаймын.

 

 

Ержан Қалжігітов, 8 жаста:

- "Лего"конструкторы болса.

 

 

Никита Лагун, 13 жаста:

- Конструктор.

 

 

Альмира Бекқалиева, 6 жаста:

- Қуыршақ.

 

 

 

Мирас Хайрошев, 7 жаста:

- Конструктор.

 

Аяжан Жұмабаева, 8 жаста:

- Қуыршақ.

 

 

Алдияр Қасенов, 9 жаста:

- Конструктор.

 

 

Біз ең кішкентай топқа келген кезде тынығу сағаты болып жатыр екен. Біз дыбысымызды шығарғымыз келмегенімен, бүлдіршіндер оянып кетті. Тәтейдің Аяз Атадан келгендігі туралы сыбыр-күбір жүріп өткеннен кейін, сәбилердің ұйқылы-ояу көздері жайнап кетті: 

 

Эльдар Сатыбалдиев, 3 жаста:

- Ойыншықтар қалаймын.

 

 

Альбина Бақтығалиева, 3 жаста:

- Туфли. (Тәрбиешінің айтуынша, сәби 27-ші өлшемдегі аяқ киімді киеді.)

 

Нұрбибі Сайлау, 3 жаста:

- Қуыршақ.

 

 

Дайындаған Анастасия ПАСТУХОВА

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.