Атырау, 12 желтоқсан 19:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Қаланы қара тұман тағы басты

6 716 просмотра

Сейсенбі күні түске қарай редакцияға қалалық қалдық алаңында кезекті өрттің орын алғандығы туралы хабар түсті. Ондағы өрттің болғаны рас екен. Қоқыс алаңы қалың түтінге оранып, ащы қара түтін шығысқа – Ақжар поселкесіне қарай кетіп жатты.

Қыздар машинадан түсті де, акт толтыру үшін жауапты адамдарды іздеп, қоқыс алаңының аумағына қарай жаяулатып жүрді. Ал Жолдасқали қолына газталдағыш аспабын алып, ауадан сынама алу үшін  машинамен алаңның  ішіне енді. Қоқыс алаңында орналасқан күркеден бастарын орамалмен бүркеп алған диспетчерлер шығып, алаң бастығы Марат МАХМУТОВТЫ қайдан табуға болатындығын көрсетті. Сөйтсек, оған бару үшін ащы, қалың түтіннен өту керек екен. Дегенмен, қыздар: «Ертең олар өрттің болғанын мойындамай қояды, сондықтан да қазір қалай болғанда да баруымыз керек»,-деп алға батыл адымдады. Жүз метрдей жерді қоқыс алаңының қоршауынан ұстап, көзді жұмып өтуге тура келді. Түтіннен ештеңе көрінбейді. Жақын маңнан ағаш қалдықтарының жанып жатқан дыбысы естілді. Егер от артқа қарай ұшса, одан құтылу үшін бізге қалай қарай қашу керек екендігін ойлап, біртүрлі қорқып та кеттім. Бір кезде, абырой болғанда күн сәулесімен қауыштық-ау! Қалың түтіннен таза бұл жерде жанып біткен қалдықтармен күрес жүргізілуде екен. Бес КамАЗ, бульдозерлер мен тиегіш көліктер жердегі жанып біткен қалдықтарды жалынға жинастырып тастап жатыр. Түтіннің ащы, әрі  қара түтіннен сарғыш түске айналып, өшпей жатқаны сондықтан екен.

«Сумен мұндай өртті өшіруге болмайды, қалдықтар бықсып жанып, түтінді одан әрі өршітеді,-дейді трокторшылардың жұмысын үйлестіруші М.Махмутов. – Қоқыс шамамен түскі сағат 1-де жанды, аумақтың бір жарым гектарын алды. Қазір өртті жанып бітті деуге болады».

Қыздар қоқыс алаңының бастығымен сөйлесіп алды, бізді тағы да қиын жол күтіп тұрды. Біздің келіп жеткеніміз сол еді, қақпа алдына Жолдасқали да жетті. Оның аспабы үш жердегі зиянды заттектердің шектеулі мөлшерлі концентрациясының нормадан асып кеткендігін анықтаған: қоқыс алаңынан 50 метр  жердегі солтүстік-шығысқа қарай бағыт алған тұман маңында көміртек оксиді (СО) 23,3 мг/текше метр (норма 5 мг/текше метр); көмірсутек (СН) 19,8 мг/текше метр (норма 5 мг/текше метр); Атырау-Орал тасжолының бойындағы   «Қашаған Петролеум» кәсіпорынынан 100 метр жерде СО – 16,2 мг/текше метр және СН – 7,2 мг/текше метр, КТК-нан 100 метр жерде СО – 8,9 мг/текше метр және СН – 6,8 мг/текше метр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

Суретті түсірген В. Истомин

4 тамыз 2011, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.