Атырау, 26 желтоқсан 18:36
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тарихшылар екі күннен кейін табылды

2 260 просмотра

Жылыой ауданында жоғалып кеткен тарихи ескерткіштерді зерттеуші шығармашылық топты іздеу екі күнге созылды. Оған ТЖ департаменті, аудандық әкімдік өкілдері де тартылды. Ақыр соңында жоғалғандарды  КамАЗ жүргізушісі  құтақарды.

- «Доңызтау» жеріндегі көне бейіттердің сырына қанықпақшы болып, фотограф екеуміз барған машинамыздан түсіп қалдық. Жұмыстың қызығымен жүріп, кері қайтар жолды таба алмай адасып қалдық, - дейді болған уақиғаны баяндап берген «Ақ желкен» шығармашылық тобының директоры Нұрберген ДӘУЛЕТОВ.

Ал көліктегі сапарлас жандар бұларды іздеп таппайды. Ақыры көз алдарындағы адамдардан ажырап қалғандарына көз жеткізгендер облысқа байланысқа шығады. Облысық ТЖ мамандары мен Жылыой ауданы әкімдігі, жеке кәсіпкерлер, мұнайшылар екі күн бойы іздеу салады. Бейнебір жерге түсіп кеткендей, екеуі де жоқ.

- Ал бұл кезде біз әбден әлсірегендіктен түнде далада қонып, жаңбырдан қалған қақ судан ішіп жанымызды сақтаған едік. Шілденің ми қайнатар ыстығында 200 км. жаяу жүріп, “Желтау» жеріне жете бергенде айдаладан «КамАЗ» машинасын кезіктіріп, ұялы телефон арқылы жолдастарымызға хабарладық ,-дейді ол.-Құдай сақтап аман қалдық, ыстықпен қоса бұл маңайда қасқыр көп екенін айтқандар аман қалғанымызға сенбей, жағаларын ұстады. Біздерге көмек жасағандардың бәріне газет арқылы рахметімізді айтқым келеді, - дейді саяхатшы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 шілде 2011, 01:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.