Атырау, 25 желтоқсан 19:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Түрме жолы түзетілмек

4 128 просмотра

Қалалық билік ақыры «түрме» жолдарының құрылысына қаржы бөлді. Асфальттау жұмыстары басталып та кетті.

Тергеу изоляторына және 66-шы колонияға апаратын көлік жолының аянышты жағдайын бәрі біледі. 1973-ші жылы салынған (зона және тергеу изоляторымен қатар) ол 90-шы жылдардың басына дейін жақсы жағдайда болды. Кейін су тасқыны кезінде бөгетті нығайтуға асыққан көп тонналы жүк машиналары жолды мүлдем бүлдіріп тастаған. Қазір оны жол деп те атау қиын. Кез-келген таксист тіпті жақсы бағасын төлесең де ол жаққа баруға келіспейді.

2000-2001-ші жылдары алматылық «Негіз» құрылыс компаниясы жабық акционерлік қоғамы Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бірқатар нысандарын жөндеу тендерін ұтып алған еді. Оған жалпы 230 миллион соманың 22 миллион теңгесі бөлінді. Сол кезде жол бойына жиектер орнатып, бірнеше «Камаз» ұсақ тастар төгіп, құжат бойынша үш километр болатын жол бөлігі күрделі жөндеуден өткен деп есептелген еді.

Күрделі жөндеу жасауға қатысты күмәнді хикая 2005 жылы су бетіне қалқып шыққан болатын. «АЖ» газетінде тиісті жарияланым жарық көргеннен кейін жолмен қаржы полициясы айналысқан еді. Алайда жауапкершілік ешкімге де жүктелмеген болатын.

Қазір, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, «түрме» жолдарын асфальттаумен «Каспийдормостострой» мекемесі айналысады екен. Биылғы жылы облыс орталығында барлығы 200 көше мен аулаларды асфальттау жоспарланыпты. Бұған 7 миллиард теңге бөлінген. Бізге облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіндегілер хабарлағандай, жазға қарай түрмеге дейінгі жаңа жол пайдалануға беріледі екен.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

27 сәуір 2011, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.