9 қарашада Атырау-Орал тас жолында Индер АІІБ қызметкерлері «КамАЗ» автокөлігін ұстады. Кузовтан полицейлер 15 тонна балық тапқан.
ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, машинада жөнелтпе құжаттар болмаған. Оның жүргізушісі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны боп шықты. Қазіргі уақытта жедел-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай мөлшердегі балықтың қайдан шыққандығы анықталып жатыр. Айта кетелік, тәркіленген балықтардың барлығы қара балықтар.
Анастасия ПАСТУХОВА