Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

Мейірімге бөлеген Аяз ата Қоғам

Мейірімге бөлеген Аяз ата

«…Келді!.. міне!.. жаңа!.. жыл!.. – Сабыр Қазыбаев атындағы интернаттың тәрбиеленушісі үш жасар Нұрбибі Сайлау бар дауысымен, ап-анық етіп тақпақ айта бастады, - Қарсы!.. алайық!.. бәріміз! Күліп!.. ойнап!.. би билеп!». Тек кішкентай балалар ғана өкпелеріне көбірек ауа толтырып алып, мүдірмей, толқығаннан үстеріндегі киімдерін тартқылап,  тақпақтарды дәл осылай айтады ғой. Нұрбибінің кішкентай ғана басындағы үлкен бантик оның әр сөзінен кейін селкілдеп тұрды. Ал оның баданадай, сенгіш, үрке қараған әрі шаттанған көздерін айтсаңызшы. Бұл сәби қарсы алдында Ақшақарымен бірге нағыз Аяз Атаның тұрғанына жүз пайыз СЕНЕДІ, бұған күмән жоқ. 29 желтоқсан 2010, 00:00 10 299 рет қаралды
Ақшамыз қайда? Қоғам

Ақшамыз қайда?

Атырау қалалық жедел жәрдем бекеті ұжымы жаңа жылды қарсы ала алмауы да мүмкін. Өйткені жедел жәрдем қызметкерлері бір-екі айдан бері жалақысыз отыр. Кеше осы мекеменің бір топ қызметкерлері (суретте) қалалық прокуратураға жалақы мен бірнеше айдан бері еңбек демалысы ақысын ала алмай отырғандарын айтып шағымданды. 23 желтоқсан 2010, 00:00 5 061 рет қаралды
Кәне, қосыл әнұранға! Қоғам

Кәне, қосыл әнұранға!

Бүгін Қазақстан өзінің 19 жылдық тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жатыр. Әрине, бұл Қазақстан үшін ең маңызды әрі мұңды мереке (1986-ның желтоқсаны есімізде). Атыраулықтар бұл күнді қалай қарсы алмақ? Шындығына келгенде атыраулықтар үшін мереке 15 желтоқсанда басталып кетті. Жоқ, өрекпімей-ақ қойыңыз, ешкімді ерте жұмыстан жіберген жоқ. Тек атыраулықтар ұжымдарымен бірге біреулері кеңселерінде, біреулері сыртта бір сағатта елдің әнұранын шырқады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 5 643 рет қаралды
Қоғам

Жанжалға әзірге телефондар жәрдем

Әйелдерге күш көрсетуге қарсы бүкіл әлемдік науқан шымылдығынан кезекті бір жолы әлдебір Киркоров дегеннің шалынып қалғаны бар. Десек те, әйелдерге күш көрсететін біздің өз жанжалқойларымыз бен басқа да лайықсыз тұлғаларымыз жетерлік. Өткен аптаның ішінде полицейлер бұл науқанның Атырау облысында қорытындысын шығарып, нәтижелерін жариялады. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 789 рет қаралды
«Қария» бозбаланың қасіреті Қоғам

«Қария» бозбаланың қасіреті

«Қария-бала» Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢ тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмас. Ауыр науқасты бала туралы мақалалар мен бейнесюжеттер жарияланғаннан кейін, оған көпшілік көмек қолын созуға үн қосқан еді. Атап айтқанда, жергілікті билік қаладан пәтер бөліп, ал медицина шенеуніктері ол кәмелеттік жасқа толған соң пластикалық операциясын төлеуге уәде берген болатын. Енді ол бала бозбалаға айналды. Сол кезде берілген уәделер оның әлі есінде. Алайда оларды берген адамдар бұл уәделерді, өкінішке орай, ұмытып та кетті... 9 желтоқсан 2010, 00:00 6 643 рет қаралды
Қоғам

Балабақшалар жаңа орындар күтуде

Билік балабақшаларға салынған жалғамаларды жыл аяғына дейін тапсыруға уәде беруде. Алайда жаңа орын бөлуді күтуге тура келеді. Ең алдымен бейресми мәлі-меттер бойынша 40 баладан есептелетін топтардағы бала саны азайтылмақ. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 695 рет қаралды
Қоғам

Балықшыда апатты жағдайдағы 15 үй күрелмек

Сейсенбі күні қала маңындағы округтердің әкімдерімен өткізілген кеңес кезінде аймақ басшысы Алмалы селосының кешікпей қалаға қосылатынын, өйткені жеке құрылыс салушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жердің тапшы болып жатқандығын мәлім етті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 853 рет қаралды
Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз Қоғам

Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз

Машина қағып кеткен 20 жастағы қыз дәрігерлердің немқұрайдылығы салдарынан енді ана бола алмауы мүмкін. Оның анасы жазатайым жайтқа себепкер болған жүргізушінің де лайықты жазасын алмағанын айтады. Ол дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандығынан баласын емдетудің уақытын өткізіп алғанына шағымдануда. 9 желтоқсан 2010, 00:00 7 835 рет қаралды
Туу туралы куәлік неге берілмей отыр? Қоғам

Туу туралы куәлік неге берілмей отыр?

Жуырда Малика Дабылова есімді оқырманымыз өзінің төмендегі жағдайын айтып, шағымданған еді: - Мен оралманмын. Отбасыммен елге қоныс аударғанымызға екінші жылдың жүзі болды. Атырау қаласында тұрып жатырмыз. Осында тіркелгенбіз. Өзім Қарақалпақстанда дүниеге келдім. Ұлтым қарақалпақ. Күйеуімнің ұлты қазақ. Төрт баламыз бар. Соңғы екеуін осында босандым. Жақында босанған төртінші сәбиіме туу туралы куәлікті ала алмай отырмын. Себебі, төлқұжатым өзбек тілінде толтырылған. АХАЖ мамандары құжатты қазақ тіліне аударып алып кел, сонда ғана куәлік беріледі дейді. Ал мен осы Атыраудан 2009 жылдың 12-қаңтарында үшінші ұлымды босанған кезде онда құжатты аудару туралы ештеңе айтылмастан еш қиындықсыз туу туралы куәлікті берді. Мен бала күтіміне және көп балалы ана ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін тиісті құжаттарды рәсімдегім келеді. Өзім де, жолдасым да жұмыста жоқпыз. Маған қандай ма болмасын жәрдемақы беріле ме? Және ол үшін қандай құжаттар тапсыруым қажет? 2009 жылы және 2010 жылы туылған балаларыма бала күтімінен бөлек босануыма байланысты жәрдемақы беріле ме? 9 желтоқсан 2010, 00:00 10 836 рет қаралды
Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ Қоғам

Жаңа жылдық акция: АЯЗ АТАЛАРДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ

Жаңа жылға дейін әлі де он күннің үстінде уақыт болса да, өзімізді Аяз Атаның елшісі ретінде таныстырған біз облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалаларға арналған №1 интернатқа, есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына аяқ басқан едік. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Барлық ниет білдірушілер осы бүлдіршіндер үшін Аяз Ата немесе Ақшақар бола алады. Белгілі бір сыйлықтар сатып алу жөніндегі өз өтініштеріңізді «Ақ Жайық» редакциясының 27-23-67 телефонына (Анастасия Пастуховаға) қоңырау шалу арқылы қалдыруларыңызға немесе podarok.dedmoroz@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады. №1 облыстық интернатта 70 бала бар, олардың ішінде бастауыш мектеп жасындағы балалар саны – 26. Біз төменгі сынып жасындағы балалардың барлығынан сұхбат алдық. Ал арнайы интернатта жетімдер мен жартылай жетімдер жетеу боп шықты. Асығыңыздар, Жаңа жылға дейін азғана уақыт қалды! Барлық сыйлықтар 27-ші желтоқсанға дейін редакцияға жетсе жақсы болар еді. Сонда біз де балаларға сіздердің сыйлықтарыңызды Жаңа жылға дейін беріп үлгерер едік. 8 желтоқсан 2010, 00:00 12 486 рет қаралды
Кімнің қызысың, қалқам? Қоғам

Кімнің қызысың, қалқам?

Кеше күндіз «Дина» базарында қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері панасыз жүрген кішкене қыз баланы тауып алды. Бүлдіршін өзінің есімінің Снежана екендігін айтып және саусағымен жасының төртте екендігін көрсетті. Оның киімінің қалтасынан 1989 жылы туған әйелдің атына жазылған туу туралы куәлік табылды. Снежана да өз анасының есімін сұраған кезде дәл сол куәліктегі есімді айтты. Туу туралы куәліктегі көрсетілген әйелдің ата-анасының мәліметтері бойынша Привокзальный мөлтек ауданына тексеру жүргізілді. Алайда, онда көптен бері басқа адамдардың тұратындығы белгілі болды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 702 рет қаралды
Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестеге Саммитхан есімі берілді Қоғам

Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестеге Саммитхан есімі берілді

Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестені Саммитхан деп атады. Ұл бала 19-шы қарашада Астананың №1-ші перзентханасында 3,2 кг салмақпен және бойы 51 см болып дүниеге келді. «Біздің атамыз осындай шараның құрметіне немересін осылай атағысы келді», - деді ҚазТАГ тілшісіне баланың анасы Индира. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 773 рет қаралды
Мектептер балалар үшін бәсекеге түспекші Қоғам

Мектептер балалар үшін бәсекеге түспекші

Келесі жылдан бастап қазақстандық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекеме балғындары мектеп пен балабақшаны өз беттерінше таңдау құқығын алады. Мектептерді қаржыландыру мына прициптер бойынша жүргізіледі: оқушылар қанша көп болса, сонша ақша да көп болады. Осыған байланысты кейбіреулер енді мектептер өздеріне балаларды тартуды бастайды деп ойлайды. Бұл туралы мектеп директорлары не дейді? 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 804 рет қаралды