Атырау, 4 қазан 17:50
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Кімнің қызысың, қалқам?

4 253 просмотра

Кеше күндіз «Дина» базарында қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері панасыз жүрген кішкене қыз баланы тауып алды.

Бүлдіршін өзінің есімінің Снежана екендігін айтып және саусағымен жасының төртте екендігін көрсетті. Оның киімінің қалтасынан 1989 жылы туған әйелдің атына жазылған туу туралы куәлік табылды. Снежана да өз анасының есімін сұраған кезде дәл сол куәліктегі есімді айтты. Туу туралы куәліктегі көрсетілген әйелдің ата-анасының мәліметтері бойынша Привокзальный мөлтек ауданына тексеру жүргізілді. Алайда, онда көптен бері басқа адамдардың тұратындығы белгілі болды.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі баланың жоғалуына қатысты ешбір жанның жергілікті полицияға шағымданбағандығын атап өтті. Қазір кішкене бүлдіршін жасы кәмелетке жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңтайландыру орталығында. Осы панасы қыз жөнінде қандай ма бір деректерді білетіндер болса 102, 98-15-05, 98-10-44, 98-21-55, 98-20-78 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.