Атырау, 10 желтоқсан 17:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестеге Саммитхан есімі берілді

5 387 просмотра

Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестені Саммитхан деп атады.

Ұл бала 19-шы қарашада Астананың №1-ші перзентханасында 3,2 кг салмақпен және бойы 51 см болып дүниеге келді. «Біздің атамыз осындай шараның құрметіне немересін осылай атағысы келді», - деді ҚазТАГ тілшісіне баланың анасы Индира.

«Иә, бізде Саммитхан есімді бала тіркелді. Ол 19-шы қарашада дүниеге келіп, оны тіркеу 27-ші қарашада, өткен сенбіде болды. Оның тегін ұлттық дәстүрмен атасының атымен – Өмірұзақов деп көрсеттік. Отбасы қазір Астанада тұрады, ал жалпы ата-аналары Индира мен Мұхамедияр – Қазақстанның оңтүстігінен», - деді Сарыарқа аудандық әділет басқармасының АХАТ бөлімінің бастығы Бақытгүл Шәйкенова.  

Оның мәліметтерінше, қараша айында АХАТ 600 нәрестені тіркеген, бірақ бұл есім ерекше болып отыр.

Статагенттік мәліметтерінше, Қазақстанда 2010-шы жылғы қаңтар-тамызда туылған балалардың ең танымал есімдері Ерасыл мен Аружан болды.

ЕҚЫҰ саммиті 11 жыл үзілістен соң өткізіліп отыр. Қазір Астанаға 1,5 мыңнан астам шетелдік қонақтар келді. Қазақстан астанасына 30 мемлекет басшысы сейсенбі күні, 30-шы қарашада келеді. Посткеңестік кеңістікте осындай масштабтағы шара тұңғыш рет өткізіліп отыр.

ҚазТАГ

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.