Атырау, 26 желтоқсан 01:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балабақшалар жаңа орындар күтуде

3 428 просмотра

Билік балабақшаларға салынған жалғамаларды жыл аяғына дейін тапсыруға уәде беруде. Алайда жаңа орын бөлуді күтуге тура келеді. Ең алдымен бейресми мәлі-меттер бойынша 40 баладан есептелетін топтардағы бала саны азайтылмақ.

Құрылыс департаменті жыл аяғына дейін 11 жалғаманың құрылысын аяқтауға уәде берді. Ал бұрынғы №61 балабақшаны күрделі жөндеу және оған салынған жалғаманы тапсыру келер жылға қалдырылған. Ата-аналардың көпшілігін жалғамаларда асүйлердің қарастырылмағандығы алаңдатады. «Біз де осы мәселені әлденеше рет көтердік. Балалар санының артуына байланысты тамақтану блогы жабдықтарының жұмысы да көбейеді. Ал оның өзінің шектеулі қуаттылығы болады емес пе?! Одан асып кетсе ерте тозуға немесе жабдықтың сынып қалуына соқтырады. Алайда жобаларды жүзеге асыру басталып кеткен соң ештеңе өзгерту мүмкін емес», - дейді қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Гүлнар ЖОЛМҰХАНОВА.  Ата-аналарды жалғамалардағы жаңа орындарға бөлудің қашан басталатындығы да алаңдатады. «Біз алдымен балабақшаларды қабылдау процедурасын өткізуге тиіспіз. Қандайма болмасын кемшіліктер бар ма, ол барлық қажетті нормалар мен ережелерге сай ма, соны тексеріп алуымыз керек. Бұл белгілі бір уақытты алады. Бір балабақша мен 12 жалғаманы пайдалануға беру есебінен 1395 орын қосылмақ. Алайда жалғамасы бар балабақшаны тапсыру 2011 жылға қалдырылған. Осылайша биылғы жылы 1275 орын пайда болмақ. Санэпидемиологтардың ұйғарымына сәйкес, біз қазіргі уақытта бала саны асып кеткен топтардағы балалардың санын азайтуымыз керек. Содан кейін ғана, егер орын қалса жаңа балаларды қабылдайтын боламыз», - деді Гүлнар Жолмұханова. Қазіргі кезде қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінен орын алу үшін 7300 сәби кезекте тұр. Тізім басында ата-аналары 2008 жылы өтініш берген балалар тұр, алайда жеңілдік негізінде орын алуға құқығы барлар: педагогтардың, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, көпбалалы отбасылардың, т.б. балалары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.