Атырау, 26 желтоқсан 13:36
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мейірімге бөлеген Аяз ата

9 927 просмотра

«…Келді!.. міне!.. жаңа!.. жыл!.. – Сабыр Қазыбаев атындағы интернаттың тәрбиеленушісі үш жасар Нұрбибі Сайлау бар дауысымен, ап-анық етіп тақпақ айта бастады, - Қарсы!.. алайық!.. бәріміз! Күліп!.. ойнап!.. би билеп!». Тек кішкентай балалар ғана өкпелеріне көбірек ауа толтырып алып, мүдірмей, толқығаннан үстеріндегі киімдерін тартқылап,  тақпақтарды дәл осылай айтады ғой. Нұрбибінің кішкентай ғана басындағы үлкен бантик оның әр сөзінен кейін селкілдеп тұрды. Ал оның баданадай, сенгіш, үрке қараған әрі шаттанған көздерін айтсаңызшы. Бұл сәби қарсы алдында Ақшақарымен бірге нағыз Аяз Атаның тұрғанына жүз пайыз СЕНЕДІ, бұған күмән жоқ.

 «Аяз Аталарды асыға күтеміз» акциясы жарияланғаннан кейінгі екінші тәулікте-ақ біздің редакциямыз редакция болудан қалып, балалар ойыншығы дүкенінің қоймасына айналғандай болды. Өз жұмыс орындарына жету үшін кейбір әріптестеріме үстелдеріне секіріп өтулеріне тура келді. Біздің оқырмандарымыздың балақайларды қуантқылары келгендігі сондай, акцияның шарттарына назар аудармапты. «Қандайма болмасын шарттар бар ма еді?» – деп сұрап жатты сыйлық тартушылар, содан соң: «Шарттарыңызды қоя тұрыңыздар, интернаттағылардың өздері реттеп алар» десті. Нәтижесінде елу үш қуыршақ, тетігі бар жиырма машина, он бес жұп аяқ киім, өрмекші адамның алты костюмі, шашқа арналған қыздардың отыз жиынтығы, балалар косметикасының он жеті жиынтығы және жиырма алты конструктор жиналды. Сондай-ақ, сансыз ойыншықтар, үстелүсті ойындары, перизаттарға арналған туфлилер, кішкентай қояндар, жаңажылдық бетперделер, киімдер, шұлықтар мен басқа да заттар көп болды. Уәде етілгендей, балалар сұрамаған сыйлықтардың көбін олардың пакеттеріне салдық. Сабыр Қазыбаев атындағы №1 облыстық интернаттың балалары мен есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттағы жетім балалар сыйлықтарының анағұрлым салмақтырақ болғанына қуанғандарын айтудың қажеті бола қояр ма екен?!

Айтпақшы, сыйлықтар салынған төрт пакетті Красновтар отбасының балаларына бердік. Жыл басында балалар әкелерінен айырылған болатын. Қазір бұл отбасына мардымсыз жәрдемақыға күнелтуге тура келіп отыр. Аналары кафеде ыдыс жуады, ал қарт әжелері немерелеріне қарайды. Акция аяқталар кезде бұл әйел бізді жаңа жылда немерелерін қуантуды қатты өтінген болатын, сондықтан біз көңілін қалдырмадық.

Барлық қалған сыйлықтарды Жилгородоктағы сәбилер үйіне бердік. Сәбилердің Аяз Ата мен Ақшақарды көрмегендері өкінішті болды. Біз сәбилерді күндізгі ұйқыға жатқызған кезде барыппыз. Бірақ келесі күні 28 желтоқсанда оларда таңертеңгілік өтті. Сеніңіздер, ешкім де сыйлықсыз қалған жоқ. 

Редакция біздің қайырымдылық акциямызға үн қосқан баршаңызға алғысын білдіреді. Жаңа жылдарыңызбен!

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В.Истомин

29 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.