Сұрақ-жауап Мүлік иесі төлеуге тиісті - 2005 жылы менің күйеуім машинасын бас сенім хат арқылы сатқан еді. 2010 жылы біз жаңа машина сатып алдық. Ол үшін салықты да төледік. Сол кезде бізге ескі машинаның салығына қатысты қарыздардың бар екендігі туралы айтпады. Енді келіп жақында біздің қарызымыздың бар екендігі анықталды. Біздің машинамыздың жаңа қожайыны 2006 жылғы қуаттылық салығын төлемеген болып шықты. Сол кезде машина күйеуімнің атағында болатын, сондықтан да қарыз соның атына жазылады ғой. Осыған байланысты мынадай сауал туындап отыр- неліктен бізге қарыздарымыздың бар екендігі туралы сол өткен жылдар ішінде немесе біз жаңа көлік сатып алған 2010 жылы хабарламаған? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 365 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алаңсыз жүре беруге болады! - Қауіпсіздік белбеулері мен ксенонды фарлардан кейін жол полицейлері жолсызбен жүретін автокөліктердің алдыңғы бамперлерін қорғау үшін ілмелі құрал-жабдықтарды тексерумен айналыса бастады дегенді естідім. Бұл құрал автокөлікті сақтайды, алайда көлік апаттары орын алған кездерде басқа көлікке келтіретін шығыны ондай құралсыз көліктермен болған жол апатындағы шығындардан едәуір көп болады. Бұл ілмелі құралдарға тыйым салынған ба? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 658 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дұрыс фарлар - Туберкулезге қарсы аурухана бағытындағы жолда теміржол өткеліне 20 метрдей қашықтық қалғанда мені жол полициясының қызметкері тоқтатып, жақын қашықтыққа арналған фарды жақпағаным үшін 7 мың теңге айыппұл салды. Олардың бұл әрекеті қаншалықты заңды? Және қала шекарасы қай жерде аяқталады және ол қай құжатта көрсетілген? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 929 рет қаралды
Сұрақ-жауап Оқуға қайда баруға болады? Оқуға қайда баруға болады? - 9-шы және 11-ші сыныптардан кейін қандай әскери оқу орындарына баруға болады? Телефон арқылы 19 қаңтар 2011, 00:00 28 064 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақыны қалай аламыз? - Мен зейнетақы алатын №11 пошта бөлімшесінде жұмыс істемей қалатын компьютерлердің кесірінен ұзақ-сонар кезек жиі болып қалады, сол себептен де мен қаланың орталығынан, Абай көшесіндегі пошта бөлімшесінен алып жүрмін. Онда 8 касса жұмыс жасайды, кезек дегеніңіз тез жүреді. Осыдан екі ай бұрын неге екені белгісіз зейнетақыны тіркелген мекен-жай бойынша бере бастады. Енді мені Абай көшесіндегі бөлімшеден №11 бөлімшеден алуға тиіссіз деп жұмсайды. Ондай ереже қайдан шықты? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 919 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лицензиялық алым мекен-жай бойынша төленеді - Адвокаттық немесе нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алымын тек мекен-жай бойынша төлеу міндетті ме? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 166 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сессия кезінде ауыса алады - Менің сіңлім агроколледждің 1-ші курсында оқиды. Оқуының ақшасының 50 пайызынан көбін төлеп тастадық. Қазір ол сәбиін күтіп жүр, шілдеде босануы керек. Топ жетекшісі оған бірінші семестрден кейін академиялық демалыс алсын деп отыр. Өйткені оқу жылының ортасында сырттай оқу бөліміне ауысуға рұқсат етілмейді екен. Оның жүктілігі сабағына әсер етіп жүрген жоқ, сессиясы маусым айында аяқталады. Әр жеке мекеменің өзінің ішкі ережелері бар екенін түсінеміз, алайда мемлекет оның қызметін неліктен реттемейді және осындай мәселелерді неге шешпейді? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 954 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қар емес, мұз үгіндісі - Бейсенбі күні Мұз сарайына облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының қарағандылық «Сарыағаш» командасымен матчын тамашалауға барған едік. Қалада жерге тамған бір қар жоқ, ал спорт кешенінен нағыз күртік қарды көргенде сүйсініп қалдық. Бұл не екен? 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 942 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сенімхатты ешкім де жойған жоқ - Мен қызыммен алыс шетелге демалып қайтқым келген. Баланың әкесі баланы алып шығуға сенімхат беруге тиіс болғандықтан, біз нотариусқа жүгінген едік. Мұндай сенімхатты бұрын да толтырып жүргенбіз, ол 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге берілетін, бағасы 500-1000 теңге аралығында. Яғни бір сенімхатты бірнеше жыл пайдалануға болатын еді. Алайда бұл жолы нотариус қазір олардың мұндай сенімхат жасамайтынын, белгілі бір мерзімге және белгілі бір елге өтінішті рәсімдейтінін айтты. Ол біздің қайда және қандай мерзімге баратынымызды нақтылап алды да, осы мерзімге өтінішімізді рәсімдеп берді. Бұл қызмет үшін 1200 теңге алды. Шынымен де өзгерістер болған ба және ол неге байланысты? 22 желтоқсан 2010, 00:00 3 786 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Жайсыз» белгі - Атырау-Орал трассасының бойында Махамбет поселкесіне жетпей «Елді мекен» белгісінің тұсында сағатына 72 км жылдамдықпен келе жатқанымда мені ЖПҚ қызметкері тоқтатты. Инспектордың белгіден 50 метр қашықтықта тұрып, мені сағатына 110-нан 60 км-ге азайтып келе жатқан жылдамдық кезінде тоқтатуы заңды ма? Елді мекен арқылы өтпейтін жерде трассаның бойында осы белгі дұрыс орнатылған ба? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 752 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылу қысқа қалдырылмай қосылды «Жайық самалы» газетінің №48 санында жарияланған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВПЕН болған сұхбатта жылыту маусымына уақытында дайын болмаған үйлер қатарында Авангард 2-ші ықшамаудандағы №8 үй аталып өткен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 916 рет қаралды
Сұрақ-жауап Есепке тіркелмеген ана - Біздің үйленгенімізге бес жыл болды. Мен Қазақстанның азаматымын, әйелім ресейлік. Екеуміздің балаларымыз – Қазақстан азаматтары. Әйелім Қазақстан азаматтығын әлі ала алмай келеді, өйткені біздің тұрғын алаңымыз оны тіркеуге мүмкіндік бермейді, 15 шаршы метр жетіспейді. Тіркейтін басқа жеріміз жоқ. Сондықтан бізге әр алты ай сайын Ресейге барып тұруымызға тура келеді. Отбасылық жұптарға бұл заңның күші жоқ деп естідім. Осы рас па? Бұл жағдайды шешуге бола ма? Біз заңды түрде некелескен, екі баламыз бар отбасымыз ғой. Ресейге жиі барып тұруға мүмкіндігіміз жоқ. 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 643 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаяу жүргінші жолы көлік жолы емес - Таяуда «Атырау-Ақпарат» маңындағы Молдағалиев көшесіне жаяу жүргінші жолын төседі. Енді бұл жерге күн сайын таксистер жол жиегінен «секіріп», көліктерін қойып қояды. Сол жерден көліктерін жөндеп, жуатын болды. Ескертулерді жүргізушілер елең қылмайды. Егер жедел шара алмаса, жаяу жүргінші жолы шоқалақ жерге айналады. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 555 рет қаралды
Сұрақ-жауап Неке кабинеттерде тіркеледі - Біз қарым-қатынасымызды заңдастырғымыз келген. Егер атыраулық АХАЖ бөліміндегі жаңалық болмағанда бәрі де керемет болар еді. Әділет басқармасындағылар неке туралы куәлігімізді ресми түрде және Мендельсонның әуенімен салтанатты рәсіммен емес, құжаттау бөлімінен тып-тыныш қана, жұмыс күндері ала салатынымызды ескерткен болатын. Яғни, қазір некенің құпиялылығы құжатты қолға берумен, ал салтанатты рәсім артық сабылыссыз жекеше өткізілетін болған. Әділет басқармасының бізді алғашқы отбасылық құжатымызды ресми рәсіммен алу құқығымыздан айыруға қақы бар ма? 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 454 рет қаралды