Атырау, 7 наурыз 19:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Қазақстанда

Депутат: Байқоңырда күнкөріс көзі шектеулі Қазақстанда

Депутат: Байқоңырда күнкөріс көзі шектеулі

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының мәселесi қордаланып қалғанын алға тартты. Оның айтуынша, Үкiмет оларды шешудiң жаңа тетiктерiн қарастыруы керек. Бұл мәселенi депутат бүгiн Сенаттың жалпы отырысында көтердi, деп хабарлайды BNews.kz. 10 қараша 2016, 11:48 2 012 рет қаралды
Астанадан Мәскеуге бағытталған ұшақ Петербургке қонды Қазақстанда

Астанадан Мәскеуге бағытталған ұшақ Петербургке қонды

Астанадан Мәскеуге бет алған ұшақ әуе торабының жоғары жүктемесінен Шереметьевоға қона алмады. Мұның орнына әуе кемесі жолаушыларды Петербургтегі запастағы әуежайға жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz. 10 қараша 2016, 11:38 1 734 рет қаралды
Нұрсұлтан Назарбаев Доналд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады Қазақстанда

Нұрсұлтан Назарбаев Доналд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 10 қараша 2016, 11:23 2 073 рет қаралды
Сенат Байқоңыр мәртебесі туралы келісімге өзгерістерді мақұлдады Қазақстанда

Сенат Байқоңыр мәртебесі туралы келісімге өзгерістерді мақұлдады

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында Ресеймен Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Байқоңыр қаласының мәртебесі, құрылымы мен оның атқарушы билік органдарының мәртебесі туралы келісім 1995 жылы 23 желтоқсанда қабылданған,- деп хабарлады Азаттық. 10 қараша 2016, 11:20 2 653 рет қаралды
Эстремизмге және терроризмге қарсы күрес жөнiндегi заң жобасы Сенатқа жолданды Қазақстанда

Эстремизмге және терроризмге қарсы күрес жөнiндегi заң жобасы Сенатқа жолданды

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екiншi оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 9 қараша 2016, 16:28 2 464 рет қаралды
​«Жер митингілері» туралы іс: ҰҚК тергеушілерінен жауап алынды, Жовтиске сөз берілмеді «Жер митингілері» туралы іс

​«Жер митингілері» туралы іс: ҰҚК тергеушілерінен жауап алынды, Жовтиске сөз берілмеді

9 қарашада №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Куәгерлер ретінде 24 сәуірдегі митингтен кейін Қарабатандағы мердігер фирманың қызметкерлерінен жауап алған ҰҚК қызметкерлері шақырылды. 9 қараша 2016, 15:59 6 058 рет қаралды
«Жер митингілері» туралы іс: қашықтан «дисфункционалдық» дауласу және залдан «әсерлі» түрде кету «Жер митингілері» туралы іс

«Жер митингілері» туралы іс: қашықтан «дисфункционалдық» дауласу және залдан «әсерлі» түрде кету

Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты резонансты сот процесі жалғасуда. Дүйсенбі, 7 қарашадан бастап куәгерлер ретінде (қашықтан, бейнебайланыс арқылы Алматы қалалық сотынан) Алматы мен Астана қалаларындағы Сот сараптама орталығының мамандарынан, соның ішінде психология, филология, саясаттану жөніндегі сарапшылардан жауап алынды. 9 қараша 2016, 10:50 6 400 рет қаралды
«Алматы Тауэрстағы» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды Қазақстанда

«Алматы Тауэрстағы» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығындағы өрт салдарынан қаза тапқан 5 адамның студенттер екені анықталды. Олар оқыс оқиға болған кезде ғимараттан қашып шыға алмай қалған. Өйткені сыртынан құлыптап кетіпті. Алапат өртте тірідей жанып кеткен студенттердің төртеуі – Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Тағы бірі Алматы облысынан. Бүгін олардың денелері туған жерлеріне жіберілді. Айта кетейік, жексенбі күні кешке болған өрттен 54 жастағы дәнекерлеуші де қаза тапқан,- деп хабарлады КТК. 9 қараша 2016, 11:56 2 287 рет қаралды
Павлодарда көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған педофил 21 жылға сотталды Қазақстанда

Павлодарда көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған педофил 21 жылға сотталды

Павлодарда видеобақылау камерасына түсіп қалған педофилге қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. 9 қараша 2016, 11:47 2 649 рет қаралды
Мәдениет министрі Тұңғышбай Жаманқұловтың видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді Қазақстанда

Мәдениет министрі Тұңғышбай Жаманқұловтың видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы видеоүндеудің уақытына, яғни оның қашан түсірілгеніне назар аудару керек екенін айтты. 8 қараша 2016, 12:21 3 279 рет қаралды
Қазақстандық компания: Қырғызстандағы науқас өліміне препаратымыз себеп болған жоқ Қазақстанда

Қазақстандық компания: Қырғызстандағы науқас өліміне препаратымыз себеп болған жоқ

Қазақстандық туберкулезге қарсы препараттарды жасағандар Қырғызстанда қайтыс болған екі адамға өздерінің препаратының қатысы жоғын мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық тілішісі. 8 қараша 2016, 11:18 2 227 рет қаралды
Қарулы Күштерде кенеттен оқу-жаттығу басталды Қазақстанда

Қарулы Күштерде кенеттен оқу-жаттығу басталды

2016 жылғы 7 қарашада Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтеріп, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Сурет 8 қараша 2016, 10:55 2 936 рет қаралды
Қазақстан Президенті Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстанда

Қазақстан Президенті Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ екі ел ынтымақтастығының ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың жайын талқылады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 8 қараша 2016, 10:11 3 277 рет қаралды
Төлеген Төлешовтің адвокаты: «Ол мемлекетке ешқандай айыппұл төлемейді» Қазақстанда

Төлеген Төлешовтің адвокаты: «Ол мемлекетке ешқандай айыппұл төлемейді»

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін 21 жылға бас бостандығынан айырылған Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешовті сот залынан босатты,- деп хабарлады Қазақпарат. 7 қараша 2016, 16:42 2 874 рет қаралды
Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді Қазақстанда

Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді

ҚР Сыртқы істер министрлігінде келесі жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz. 7 қараша 2016, 14:23 2 831 рет қаралды
Екі банктің депозит ашуға берілген лицензиясы тоқтатылды Қазақстанда

Екі банктің депозит ашуға берілген лицензиясы тоқтатылды

Қазақстан Ұлттық банкі бүгін "Қазинвестбанк" пен Delta bank банкіне жеке тұлғаларға есепшот және депозит ашуға берген лицензиясын тоқтатты. Ұлттық банк сайтындағы ақпаратқа қарағанда, лицензия екі ай мерзімге тоқтатылған. Ұлттық банк лицензия екі банктің банк заңнамаларын бұзғаны үшін және ішкі қадағалау жүйесін жақсарту мақсатында тоқтатылғанын айтты,- деп хабарлады Азаттық. 7 қараша 2016, 14:20 2 486 рет қаралды