Атырау, 4 наурыз 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Жаза өтеп жатқан Ермегияевке жағдай жасағандар қамалды

1 647 рет қаралды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Астана қаласындағы қатаң тәртіптегі колония басшылығының "Астана ЭКСПО-2017" басқармасының экс-төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық әрекеттерін анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Жазасын өтеп жатқан Ермегияевке ыңғайлы жағдай жасады деген күдікпен ЕЦ-166/10 түзету мекемесінің басшысы әділет полковнигі Ң.С.Әбен мен оның орынбасары әділет майоры Т.О.Мұсаев ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада. Бұл лауазымды тұлғалардың Ермегияевке алкогольді ішімдік ішуіне, ұялы телефон мен интернет қолдануына мүмкіндік жасағаны, сондай-ақ шектеусіз кездесулер ұйымдастырғаны айтылады. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесінің 13 лауазымды тұлғасына қатысты жаза қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 желтоқсан 2017, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.