Атырау, 13 қараша 15:15
 дождьВ Атырау +3.7
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

20 жылдық өзгеріс: Қазақстанда майлы дақылдар басым бола бастады

46 рет қаралды

Соңғы жиырма жылда Қазақстандағы егіс алқаптарындағы дәнді дақылдардың үлесі 81%-дан 69%-ға дейін төмендесе, майлы дақылдардың үлесі 4%-дан 17%-ға дейін өскен. Мұндай өзгерістер 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындысында анықталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2006–2007 жылдары жүргізілген алдыңғы санақпен салыстырғанда, майлы дақылдардың үлесі төрт еседен астам артқан.

Сонымен қатар елдегі жалпы егіс алқабы шамамен 5 млн гектарға ұлғайып, 18,3 млн гектардан 23,2 млн гектарға жеткен.

Жалпы, санақ республика бойынша 290 мыңға жуық ауыл шаруашылығы құрылымын және 1,7 млн жеке қосалқы шаруашылықты қамтыды.

Бүгін, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.