Атырау, 18 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қырғызстан президенті Астанаға келді

1 164 просмотра


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суреттер президенттің Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. Қырғызстан президентін премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин күтіп алды.

Осыған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, шекара мәселесі бойынша келіскені жайлы хабарланған болатын.  

"Біз барлық жағдай бойынша әңгімелесіп, бір шешімге келдік. Екі елдің үкіметтері желтоқсан айының бойынша бірқатар мәселерді реттеу бойынша жол картасын жасауы қажет. Сонда көптеген мәселе шешіледі, себебі бұл шешілетін мәселелер. Шекара жол картасы жасалғанша ашылады. Екіжақты қарым-қатынастың барлық міндеті мен мәселесі келісілген мерзім ішінде шешіледі" - деген еді Сооранбай Жээнбеков.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 желтоқсан 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.