Атырау, 18 сәуір 11:36
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Елбасы Жээнбековке: Қырғызстанға сөз тигізіп, жаманшылық жасауға жол берген жоқпын

1 913 просмотра


Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Қырғызстанға сөз тигізіп, жаманшылық жасауға жол берген жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қырғызстан президентімен өткен екіжақты кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз сіздерді күттік, қуанышпен қарсы алып отырмыз. Сіз бастап келген қырғыз делегациясының барлық қойған мәселесін шешуге Қазақстан әр уақытта дайын", — деді Елбасы кездесу барысында. 

Ол Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның Қырғызстанмен тек достық қарым-қатынаста болғанын атап өтті. 

"Жиырма алты жыл тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп келе жатырмыз. Мен өз басым, Қазақстан бірде-бір рет Қырғызстанға сөз тигізіп, басқа жағынан жаманшылық жасауға бір қадам жасаған жоқпын. Бұл дұрыс, себебі біз келеміз-кетеміз, екі ел көрші қалады, бізден бұрын да болған, бізден кейін де болады. Сондықтан әр ұрпақтың, әр буынның мойында тұрған жүгі сол жақсылықты, достық қарым-қатынасты тап-таза күйінде келесі ұрпаққа тапсыру", — деген президент жаңа сайланған көрші елдің басшысына табыс тіледі. 

"Қош келдіңіз, қуаныштымын. Бүкіл халық болып сізді сайлады, сенім білдірді. Сол сенімді ақтауыңызға Алла күш-қуат берсін деген тілегімді айтамын", — деді Назарбаев.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 желтоқсан 2017, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.