Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Елбасы: Қазақстан Қырғызстанмен арадағы барлық мәселелерді шешуге дайын

1 133 просмотра


Қазақстан Қырғызстанмен арадағы барлық мәселелерді шешуге дайын.  Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер  барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Осы 25 жылдың ішінде екі елдің тәуелсіздігі, қарым-қатынасымыз одан ары нығайды. 150 құжатқа қол қойылды. Мұндай құжаттық база, екі елдің арасындағы осындай  институтционалды қатынас басқа елмен Қазақстанда жоқ. Тек  Қырғызстанмен осыншама құжатқа, келісімге қол қойылды. Екі елдің арасында бар мәселелерді шешіп, артқа қалдырып, болашаққа бет бұруға мүмкіншілігіміз бар. Біз, мен өзім оған әбден дайынмын», - деді Елбасы. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға тоқталды. 

«Екіжақты қарым-қатынас жайында айтар болсақ, ағымдағы жылдың 10 айында сауда-саттық 13 пайызға артты. Қазақстан Қырғызстанның негізгі серіктестерінің бірі, негізгі инвесторларының бірі саналады. Осы жылдардың ішінде қырғыз экономикасына шамамен 650 млн доллар салынды, бірнеше бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қазақстанда қырғыз бизнесі мен капиталы салынған 700-ден астам кәсіпорын бар. Ендігі уақытта еуразиялық интеграция жағдайында жұмыс істейміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   Мемлекет басшысы қырғыз әріптесімен шағын құрамдағы келіссөздер барысында өңірлік саяси мәселелердің кең ауқымы қарастырылғандығын атап өтті. «Минскідегі соңғы кездесуден бері аз ғана уақыт өтті. Біздің Үкіметтеріміз өте үлкен тиімді жұмыстарды жүргізіп, сіздерді де, бізді де толғандырған мәселелерді шешті», - деді Елбасы.

Дереккөз: inform.kz

25 желтоқсан 2017, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.