Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандағы шетелдік ұйымдар теңгемен есеп айырысады - Ақышев

2 231 просмотра


Шетелдік ұйым филиалдарының қазақстандық контрагенттермен есеп айырысуларын теңгеге ауыстыру ұсынылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Даняр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта қолданыстағы валюталық заңнама бойынша шетелдік ұйымдардың филиалдары бейрезиденттер болып табылады және тиісінше, олардың резиденттермен валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар.   Мәселен, 2016 жылы шетелдік ұйымдар филиалдарының Қазақстан резиденттерімен шетел валютасындағы операцияларының көлемі 2,5 млрд АҚШ доллар құрады»,-  деді ол «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңнаманы жетілдіру мәселесі жөнінде жасаған баяндамасында. 

Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін шетелдік филиалдар мен өкілдіктер санының одан әрі ұлғаюы күтілуде. Бұл ел ішіндегі шетел валютасындағы төлемдердің өсуіне әкеледі, әрі ұлттық мүдделерге сәйкес келмейді. «Осыған байланысты шетелдік ұйымдар филиалдарының қазақстандық контрагенттермен есеп айырысуларын теңгеге ауыстыру ұсынылды. Өзгерістер мемлекеттің атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдер арқылы бейрезидент мәртебесіне кепілдік берілген компанияларға қатысты болмайды. Бұл ретте осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттарға қатысты жағдайларға кері әсерін тигізбейді», - деді Данияр Ақышев.

Дереккөз: inform.kz

26 желтоқсан 2017, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.