Атырау, 21 қыркүйек 08:58
 дождьВ Атырау +18
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

"Қазақалтын" кеншісі жарақат алып, ауруханаға түсті

1 943 рет қаралды


Ақмола облысында Бестөбедегі шахтада кенші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға 24 желтоқсанда 15:50-де Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" шахтасында болған.

"735 блок 13 көкжиегінде белгісіз жағдайда 1972 жылғы кенші басынан жарақат алды. Жұмысшы жер бетіне шығарылып, Степногорск қалалық ауруханасына жатқызылған", — деп хабарлады ТЖД.

Степногорск ТЖБ хабарлағандай, шахтада опырылу жайты болмаған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаның себептерін анықтауда.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 желтоқсан 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.