Атырау, 4 мамыр 11:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Барлық жаңалық

Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша Басқа жаңалықтар

Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына баға шегін көтерді. Атап айтсақ, Атырау ЖЭО өндіретін энергияның бір киловатт-сағатының шекті бағасы 1 қазаннан бастап 6,06-дан 6,82 теңгеге дейін көтерілді. АЖЭО үшін 6,06 теңге жақында ғана, 2019 жылдың 1 қаңтарында бекітілген еді. Ал бұған дейін баға бірнеше жыл бойы 7,3 теңге деңгейінде тұрды. Ол кейін сол кездегі президенттің коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасынан кейін азайтылған болатын. 5 қазан 2019, 09:40 3 257 рет қаралды
Қай жерде қыстаған жақсы? Басқа жаңалықтар

Қай жерде қыстаған жақсы?

Қазақстанда жылу маусымы жақындағанда жылу тарифтері өзекті мәселеге айналды. Жақында орталық баспасөзден тұрғындарға жеткізілетін қымбат жылу тарифтері бойынша Атыраудың республикада үшінші орында тұрғанын білдім. Бірінші және екінші орындарда Алматы мен Шымкент тұр. 5 қазан 2019, 09:30 2 926 рет қаралды
Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты Басқа жаңалықтар

Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты

Атырау облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері мен акушер-гинекологына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 3, 7-тармақшалары (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша не себепті қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 4 қазан 2019, 21:35 5 200 рет қаралды
Автобус жүргізушісі зардап шеккен 11 жолаушымен татуласуға тырыса ма? Басқа жаңалықтар

Автобус жүргізушісі зардап шеккен 11 жолаушымен татуласуға тырыса ма?

30 қыркүйекте «Жерұйық» ықшамауданында ЗИЛ-131 жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-тармағы (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «АЖ»-ға қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ хабарлады. 4 қазан 2019, 15:21 3 784 рет қаралды
Қазақстанда құтқарушылар 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін Қазақстанда

Қазақстанда құтқарушылар 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін

Қазақстанда құтқару қызметінің қызметкерлеріне 55 жастан зейнетке шығуына мүмкіндік берілмек. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  4 қазан 2019, 14:41 2 614 рет қаралды
Қазақстанның қорғаныс министрі әскери бөлімдерді дабыл бойынша көтерді Қазақстанда

Қазақстанның қорғаныс министрі әскери бөлімдерді дабыл бойынша көтерді

Қазақстанның қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді. 4 қазан 2019, 14:29 2 814 рет қаралды
Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды Басқа жаңалықтар

Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды

Мұнайлы астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін кезекте 87 956 өтініш тіркелген. Бүгінде жер қалаға қарасты Атырау, Ақсай, Көкарна, Водников, Жаңаталап, Тасқала, Дамбы ауылдық округтары аумағынан 1999-2004 жылдары өтініштер жазған азаматтарға беріліп жатыр. Бұл туралы брифингте қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. Сондай-ақ ескі қаладағы үйлерді сүру туралы да әңгіме болды. 4 қазан 2019, 14:26 3 860 рет қаралды
Ресей Анкараның саясатын қолдауға дайын Әлемде

Ресей Анкараның саясатын қолдауға дайын

Мәскеу тарабы Түркияның Сүрияда қауіпсіз аймақ құру туралы ұсынысын қабылдамақ. Бұл туралы Түркия ақпарат құралдары жазуда. Осыдан бұрын Түркияда өткен «Үштік саммитте» (Түркия, Ресей және Иран) түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Сүриядағы қауіпсіз аймақ құру туралы ұсынысын ортаға салған болатын. 4 қазан 2019, 12:32 2 841 рет қаралды
Үндістанда Махатма Гандидің күлі ұрланды Әлемде

Үндістанда Махатма Гандидің күлі ұрланды

Махатма Ганди Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері Махатма Гандидің күлін Мадхья-Прадеш штатындағы мемориалдан ұрлап кетті. Бұл туралы lenta.ru India Today басылымына сілтеме жасап хабарлады. 4 қазан 2019, 12:27 2 292 рет қаралды
Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайы маңына апатты жағдайда қонды Әлемде

Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайы маңына апатты жағдайда қонды

Бүгін таңертең радардан жоғалып кетіп, ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылған Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайының маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ukrinform-ға сілтеме жасап.  4 қазан 2019, 12:09 2 031 рет қаралды
Елімізде бұдан былай Тальго вагондары шығарылмайды Қазақстанда

Елімізде бұдан былай Тальго вагондары шығарылмайды

Енді еуропалық стандарттарға сай, бұл вагондардың орнын қайтадан Ресейдің өнім басады.  Ал испандық компаниямен келісім-шартты бұзған Үкімет сегіз жыл бұрын салынған «Тұлпар-Тальго» зауытына жаңа инвестор іздеп жатыр деп жазады Qamshy.kz.  4 қазан 2019, 11:48 2 409 рет қаралды
Сыртқы істер министрі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді Қазақстанда

Сыртқы істер министрі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайда тұтқындалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  4 қазан 2019, 11:22 1 915 рет қаралды
Үндістанда кеме аударылып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті Әлемде

Үндістанда кеме аударылып, 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Үндістанның Батыс Бенгал штатында Махананда өзенінің дәл ортасында кеме аударылып, салдарынан 7 адам көз жұмды, тағы 50 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times of India газетіне сілтеме жасап. 4 қазан 2019, 10:41 2 819 рет қаралды
Украинадағы орыстілді мектептердің бәрі украин тіліне көшірілуде Әлемде

Украинадағы орыстілді мектептердің бәрі украин тіліне көшірілуде

Елдегі барлық орыстілді мектептер 2020 жылдың қыркүйегінде украин тілінде оқытуға көшеді. Бұл туралы Украинаның білім министрі Анна Новосад "Прямой" телеарнасының эфирінде айтты, деп жазады Lenta.ru. 4 қазан 2019, 10:30 2 205 рет қаралды
Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған Басқа жаңалықтар

Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған

- Атырауда қанша көше бар және пайыздық тұрғыда олардың қаншасы жарықтандырылған? Көшені жарықтандыру желісін салу жоспарына қосу үшін көшені таңдау кезінде қандай талаптар қойылады? 4 қазан 2019, 10:00 4 572 рет қаралды
Ирактағы шеруде отыздан астам адам өлді Әлемде

Ирактағы шеруде отыздан астам адам өлді

Ирактағы жемқорлық пен жұмыссыздықты жоюды талап еткен шерулер кезінде кемінде 28 адам қаза тапты. Associated Press агенттігі 3 қазанда кешкісін 33 адам өліп, жүздеген адамның жараланғанын хабарлады. Өлгендердің басым бөлігі бейбіт тұрғындар. 4 қазан 2019, 09:58 2 454 рет қаралды
Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды Әлемде

Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

Солтүстік Корея билігі су асты кемесінен баллистикалық зымыранды сәтті ұшырғанын хабарлады. Соңғы екі күнде осымен екі ядролық сынақ жүргізілді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыранды ұшыру сәтін бақылап тұрды. 4 қазан 2019, 09:42 2 480 рет қаралды
"ҚДТ-ға қатысы бар" деп күдікке ілінген бірнеше белсендінің қамау мерзімі ұзарды Қазақстанда

"ҚДТ-ға қатысы бар" деп күдікке ілінген бірнеше белсендінің қамау мерзімі ұзарды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты "тыйым салынған ұйымның ісіне қатысты" деп күдіккеілінген белсенділер Оксана Шевчук, Гүлзипа Жәукерова және Әнуар Әшіралиевтің (шешім 2 қазанда шықты) қамау мерзімін 18 қазанға дейін ұзартты. Сот бұған қоса, 12 қыркүйекте изолятордан үйқамаққа ауыстырылған белсенді Жазира Демеуованың  үйқамақ мерзімін 18 қазанға дейін созды. 3 қазан 2019, 17:14 2 401 рет қаралды