Атырау, 30 сәуір 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

Атырау әкімдігі 11,2 млн теңгелік тендерге түсініктеме берді

102 рет қаралды

Атырау қалалық әкімдігінде 11,2 млн теңгелік тендерге қатысты қосымша түсініктеме берілді.

Келісімшарт жаңа әкімшілік ғимаратқа арналған бейнебақылау жүйесін орнату және ішкі байланыс желілерін жүргізу, телефонмен жабдықтауды қоса қамтиды.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — қызметтік құжаттар мен архив материалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бөлімшелер арасындағы ішкі коммуникацияны тиімді ету.

Олардың мәліметінше, орнатылған жүйелер қаладағы тұрғын үй‑коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің балансына беріледі. Барлық сатып алынған жабдықтар да осы бөлімнің қарамағында қалады, себебі байланыс пен телефонмен жабдықтау мәселелері оның құзыретіне кіреді.

Бұл келісімшарттың бір реттік екені және оны жыл сайын ұзартудың қажеті жоқ екені атап өтілді.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.