Бүгін таңертең радардан жоғалып кетіп, ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылған Ан-12 ұшағы «Львов» әуежайының маңында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ukrinform-ға сілтеме жасап.
Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазан күні сағат 07:10-да «Львов» халықаралық әуежайынан 13,7 шақырым қашықтықта Ан-12 ұшағы радардан жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. 07:29-да экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы мәлім еткен. 07:46-да Ан-12 ұшағы ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде табылды», делінген хабарламада. Ұшақ өртенбеген. Экипажды зақымдалған ұшақтан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Inform.kz