Атырау, 24 желтоқсан 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Петропавлда жанармай құю стансасына шабуыл жасалды

2 512 рет қаралды


Петропавлда автокөліктерге жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасалғандығы жөнінде хабар түседі. Оқиға кешке кешкі сегіздер шамасында болған. Павильонға бетперде киген біреу кіріп, кассирді пышақпен қорқытып ақша талап еткен. Кассирдің дабылды басып үлгергенін көрген қарақшы бірден қашқан. Бірінші полиция бөлімі криминалды полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, қылмыс жасалған ауданды зерттеді. Нәтижесінде, бұрын сотталмаған Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны қолға түсті. 

Ұсталға өз кінәсін мойындап отыр. Айтуынша, ол жанармай құю стансасына ойда-жоқта шабуыл жасаған, соған қарамастан өзімен бірге медициналық бетперде мен пышақ болған. Петропавл қалалық Полиция басқармасы бірінші полиция бөлімі бастығы Балабек Жақин мәлім еткендей, бұл қылмыс «Қарақшылық» бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің пікірінше, қылмыстың ізін суытпай ашуға бейнекамералардағы жазбалар көп көмектескен. Сондай-ақ, адамдардың жылдам хабар беруі де тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдеткен.

Дереккөз: Inform.kz

4 қазан 2019, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.