Атырау, 30 мамыр 05:16
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Шымкентте мекемені тексермеуге уәде берген алаяқ ұсталды

305 рет қаралды

Шымкентте өзін Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (ЭТҚ) маманы ретінде таныстырған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысын алдап, 25 млн теңгені иемденген.

Анықталғандай, ол азамат медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге көмектесуге «уәде» берген.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», - деп хабарлады Агенттік қызметкерлері. 

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.

4 мамыр, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.