Атырау, 4 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Кемедегі қауіпті вирус: круиз кезінде үш жолаушы қаза болды

76 рет қаралды

Атлант мұхитындағы MV Hondius круиздік лайнерінің бортында хантавирус өршуі тіркелді. Оқиға салдарынан үш жолаушы көз жұмып, тағы бірнеше адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды CNN.

Oceanwide Expeditions кеме операторының мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы — туристер. Қазіргі уақытта лайнер Кабо-Верде (Батыс Африка) жағалауында зәкірде тұр. Жергілікті билік экипаж мүшелері мен туристердің бір бөлігінде ауру белгілері бар екеніне қарамастан, жолаушылардың жағаға шығуына әзірге рұқсат бермей отыр.

Вирус пен құрбандар туралы не белгілі?

Хантавирус тыныс алу жолдарының ауыр дертін тудырады, бұл жағдайлардың 38 пайызында өлімге әкеп соғады. Инфекция әдетте кеміргіштермен жанасу арқылы жұғады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында:

  • 70 жастағы ер адам — кеме бортында көз жұмды.

  • Бірінші марқұмның әйелі — үйіне ұшпақ болған кезде ОАР әуежайында есінен танып, кейінірек ауруханада қайтыс болды.

  • Қаза болған екі адам да Нидерланды азаматы.

  • Ұлыбритания азаматы ұқсас белгілермен Йоханнесбургте ауруханаға жатқызылды.

Кеменің бағыты

MV Hondius лайнері осыдан жеті апта бұрын Аргентинадан жолға шыққан. Кеме Антарктида мен Әулие Елена аралына тоқтаған. Қазіргі таңда бортта 170 жолаушы мен 71 экипаж мүшесі бар.

Мамандар бұл жағдайды «өте ерекше» деп атап отыр, себебі вирус өршуі ауру таралатын эндемиялық аймақтарға кірмеген кемеде орын алған.

«Барлық белгілер вирустың көзі кеменің ішінде екенін көрсетеді. Кеме мұқият тексеріледі, олар міндетті түрде бірдеңе табады», — деді америкалық дәрігер Скотт Мискович.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жағдайы ең ауыр екі пациентті эвакуациялауды үйлестіріп, борттағы қалған адамдар үшін қауіп-қатерді бағалауда. Қазіргі уақытта зертханалық түрде тек бір жұқтыру жағдайы расталды, қалған бес жағдай күдікке алынып отыр.

Бүгін, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.