Атырау, 20 мамыр 03:49
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Сатып алдың ба, ұшасың

- Көктем басында «Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы билет тарифіне кіретін отын алымы құнының төмендегенін хабарлаған болатын. Егер мен осы төмендеулерге дейін бірнеше ай бұрын билет сатып алған болсам, әлі пайдаланбаған билет құнын қайта есептеуді талап ете аламын ба? 4 маусым 2015, 00:00 2 394 просмотра
Сұрақ-жауап

​Ипотекалық несие алушыларға көмек

- Мен 2006 жылы доллармен ипотека алдым, кейін банктен валютаны теңгеге ауыстыруды талап еттім, бірақ банк бұдан бас тартып отыр. 2006 жылы мен төлеген ай сайынғы несие сомасы 42000 теңге болған, ал қазір 66 000 теңге төлеп отырмын. Ай сайынғы төлем 375 долларға шығып отыр. Банктің бас тартуға құқығы бар ма? 28 мамыр 2015, 00:00 2 624 просмотра
​Ешқандай жеке өмір жоқ Сұрақ-жауап

​Ешқандай жеке өмір жоқ

– Жұмысқа орналасқан кезде, банк мекемелерінде, соның ішінде қауіпсіздік қызметінде бізден туыстарымыз туралы толықтай сауалнама мәліметтерін сұрайды - бұл ҚР Конституциясының 18-бабын бұзбай ма? Осы бапқа сәйкес, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар емес пе? 28 мамыр 2015, 00:00 3 432 просмотра
Сұрақ-жауап

Үйімді қайта жаңартқым келеді

– Саман кірпіштен салынған үйлер мол нөсер жаңбырдың салдарынан суға кетіп, бүлінгендіктен іргетасын, ғимараттың габариті мен ішкі жобасын сақтап қалып, саманнан салынған қабырғасын қиыршықтасқа (ракушеблок) ауыстыру кезінде үйдің техникалық төлқұжатынан басқа қандай құжаттар ресімдеу қажет екендігін білгім келеді? 21 мамыр 2015, 00:00 2 017 просмотра
Сұрақ-жауап

​Тәрбиешінің тәрбиесі

– Егер балабақша тәрбиешісі 3 жасар ұлымды ұрған болса, қайда шағымдану керек? Балам тәрбиеші соғады деп үнемі айтатын, бірақ біз оны елемейтін едік. Ал, кеше тәрбиеленушінің теледидардан жайбарақат мультфильм көріп отырған баланың басынан соғып жібергенін әкесінің өзі көрген. 21 мамыр 2015, 00:00 2 135 просмотра
Сұрақ-жауап

​Жүйесіздік жүйкені жұқартты

- ІІД Әкімшілік полиция ғимаратына автокөлік құжаттарын тіркеуге немесе есептен шығаруға барғанда үнемі жүйесіздікке тап боласың. Қызмет көрсету сапасының төмендігіне шағым айтушылар көп. Жұмысты реттеу үшін шұғыл түрде шара алу қажет. 30 сәуір 2015, 00:00 2 254 просмотра
Сұрақ-жауап

Әке капиталы

– Күйеуім бірінші некедегі қызына алимент төлейді. Бұл сома оның жалақысының 25 пайызына тең. Қазір оның басқа отбасы бар, біздің баламыз өсіп келеді. Ол алиментті әрбір бала үшін 16,5 пайызға дейін - жалпы екі балаға 33 пайызға азайтуға құжаттарын бергісі келеді. Ол үшін не керек?– Бұрынғы күйеуім жұмыссыз. Біздің ортақ бір баламыз бар. 2014 жылы бір балаға жұмыссыз ата-анадан 27 160 теңге алимент тиесілі болды. Ол Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы бойынша есептелді. Биыл менің сот орындаушым жұмыссыз алимент төлеушілер үшін алимент есептеу жүйесі өзгергенін және 4 000-5 000 теңге мөлшерінде белгіленетінін айтты. Мұндай өзгерістер қандай негізде орын алды? 30 сәуір 2015, 00:00 2 299 просмотра
Сұрақ-жауап

​«Анамыздың қиналғанын көру өте ауыр»

- Анам қатерлі ісікке шалдыққан, қазір 4-сатыда, қатты қиналады. Есепте тұр және ауыруды сездірмейтін препараттарды алады. Алайда наурыз айының ортасынан бастап біз «Трамадол» препаратын ала алмай келеміз. Дәрігерлер мұны біресе науқастардың өте көптігімен және препараттардың тез бітіп қалатындығымен, енді бірде шымкенттік фармацевтика зауытының дәрі-дәрмектер шығармайтындығымен түсіндіреді. Біз, тіпті, «Трамадолды» дәріханадан сатып ала алмаймыз. Бізге жақын адамымыздың қиналғанын көру өте ауыр. Ауыр науқасты пациенттерге арналған ауруды сездірмейтін дәрмектерді жеткізудегі іркілістер немен байланысты? Неліктен өтінімдерді жасауға жауапты мамандар мұндай жағдайларды қарастырмайды? 16 сәуір 2015, 00:00 2 024 просмотра
Сұрақ-жауап

​Қауіпсіздік үшін алты мың теңге

– Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша Балықшыдағы көп қатарлы жаңа үйден пәтер алдым. Қоныстандырған кезде әр пәтерге бүкіл коммуникациялар жүргізілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны қоспағанда бірде-бір монополиске біз қызметті қосқаны үшін ақы төлеген жоқпыз. Бүкіл коммуникацияны – электр желілерін, газды, суды, жылуды жүргізу бюджет қаржысының есебінен жасалды деп болжауға болады. Неліктен «ҚазТрансГаз Аймақ» әр пәтер иесін газ вентильдерін ашу мен стояктарға газ жіберуден тұратын газ құбырына қосу қызметі үшін алты мың теңгедей ақы төлеуге міндеттеп отыр? Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметін төлеу кезінде маған тек түбіртекті ғана берді. Менімен ешқандай келісімшарт жасаған жоқ, клиенттерге келісімшарттарды қолға бермейтіндігін айтып желеуретті. Неліктен? Бұл монополист пен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесі ғой. 16 сәуір 2015, 00:00 2 294 просмотра
Сұрақ-жауап

Мемлекеттік баж салығын кім төлемейді?

– Ұлым бала күнінен мүгедек. Әдетте нотариустар бізге мемлекеттік баж салығын төлетпей қызмет көрсетеді. Жақында бізге нотариустың қызметі қажет болып, мүгедектік туралы анықтама мен Салық кодексінің үзіндісін (542-бап) ұсынған едім. Бірақ нотариус бізге қызмет көрсетуден бас тартып, бұл Кодекстің қазіргі уақытта қолданыста жоқ екендігін айтып, мені кеңседен қуып шықты. Мұндай жағдайда қайда шағымдануға болады? 2 сәуір 2015, 00:00 2 882 просмотра
Сұрақ-жауап

Ойын-сауыққа - жиырма минут

– Бірнеше жыл бұрын балабақшалардағы орта топқа арналған ертеңгіліктерде шағын театрлық қойылымдар қою үйреншікті іс болатын. Ал, қазір оларды тек жоғарғы топтарға ғана қоюға рұқсат беріп отыр. Тәрбиешілердің айтуларынша, кіші және орта топ балаларына арналған ертеңгіліктердің уақыты көп қысқартылған, өйткені, әдіскерлер ертеңгіліктің қанша уақытқа созылатынын өлшейді екен. Әдіскерлер білім министрлігінің белгілі бір стандарттарына сілтейді. Іс жүзінде мұндай стандарттар бар ма? 26 наурыз 2015, 00:00 2 844 просмотра
Сұрақ-жауап

Күндізгі бөлімдегілер кейінге қалдырылады

– Ұлым 20 жаста, колледжді бітірді, АМжГИ-ның кешкі бөлімінде оқиды. Күндізгі бөлім студенті секілді күн сайын сабаққа барады. Оны әскер қатарына алып кете ме, әлде оқуына байланысты кейінге қалдыра ма? 19 наурыз 2015, 00:00 2 245 просмотра
Сұрақ-жауап

Жазбаша келісімшарт міндетті емес

– Әкем қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма рәсімдедім. ПИК-ке хабарласып, келісімшартты да менің атыма қайта рәсімдеуді өтіндім. Ол жердегілер пәтер құжаттарын сұратып, мен қажетті құжаттардың барлығын ұсындым. Ал бір айдан кейін ПИК-тің тұрғындармен келісімшарт жасамайтындығын, менің өзім келісімшарт жасай алатынымды, олар оған қол қоятындығын мәлімдеп, таң қалдырды. Сонда ПИК тұрғындардан қандай негізде ақша алады? Бұл ПИК-те, тіпті, әрбір ПИК-те болуы тиіс кезекші мастер де жоқ. 12 наурыз 2015, 00:00 2 162 просмотра
Сұрақ-жауап

Медициналық тексеруден өткен жөн

- ЖШС штатында қызметтік көліктің бір жүргізушісі бар. Оның міндетіне қажет кезінде қызметкерлерді белгілі бір мекемелерге апару кіреді. Кейде құжаттарды адресатқа өзі жеткізеді. Оған ауысымалды (предсменный) медициналық тексеру қажет пе? ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 қаулысымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларының 3.1-тармағына сәйкес, тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, қол жүктерінің, жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалы бағдарларында жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері рейс басталар алдында 30 минут бұрын және рейс аяқталғаннан кейінгі 30 минуттың ішінде тексеріп-қараудан өтуі тиіс. Бұл біздің жағдайға сәйкес келе ме, әлде автобус жүргізушілерін меңзеп тұр ма? Егер біздің жүргізушіге тексеру қажет болса, онда әлдебір медициналық мекемемен келісімшарт жасау керек пе?  12 наурыз 2015, 00:00 1 873 просмотра
Сұрақ-жауап

Анықтама сатып алыңыз

- Жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде наркодиспансерден, психодиспансерден, тубдиспансерден анықтама сұратады. Барлық анықтама да ақылы, өзі жұмыста жоқ адамның оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Наркодиспансерден анықтама алу кеше 500 теңге еді, бүгін 700 теңге болып тұр. Бұлар коммерциялық мекемелер емес қой, неге қызметтері ақылы?  12 наурыз 2015, 00:00 2 108 просмотра
Сұрақ-жауап

Соғыс ардагерлері үшін тегін медицина

– Туысым – Ұлы Отан соғысының ардагері әрі мүгедегі. Оған қымбат тұратын аппараттардан медициналық тексеруден өтуге жеңілдіктер бар ма және болса, қандай емханаларда бар екенін нақтылағым келеді? 5 наурыз 2015, 00:00 2 397 просмотра
Сұрақ-жауап

Кооператив құрған жөн

– Байжігітов көшесінің бойындағы 2 қабатты 8 пәтерлі №76 үй 1930 жылы қамыстан салынған. Орталық кәріз жүйесі жоқ, тек септик бар. Лық толған септиктен кәріздік сарқынды сулар топыраққа ағып кетеді. Ал өзен 100-150 метр жерде орналасқан. Сондықтан қалдықтардың өзенге құйылуы әбден мүмкін. Ал бұл суды қала тұрғындары пайдаланады. Үйдің тозығы жеткен, жылу ұстамайды, пәтерлерде ауыз су тұрбалары қатып қалады. Біз жылу жүйесіндегі суды ішуге мәжбүрміз. Кәріз жүйесінің иісінен қысы-жазы терезені ашу мүмкін емес. Шалшықтарды қамыс басып, шыбын мен масаның ұясына айналған. Санэпидстанса бұл фактілерді елемей отыр. Бұл үй қашан күреледі? 5 наурыз 2015, 00:00 2 028 просмотра