Атырау, 19 мамыр 08:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

​Табиғи болмыс

- Менің 13 жастағы сіңлім ер балаларша киініп, ер балаларша жүріп-тұрады. Шашын ер балалардың шашындай алдырады. Ер балалармен ғана дос, олармен бірге әжетханаға да барады. Қазір өсіп келе жатқан омырауын жасыру үшін бүкірейіп, қабаттанып киініп жүреді. «Сен қыз баласың» деген әңгімені тыңдағысы келмейді. Қайтпек керек? 30 шілде 2015, 00:00 2 433 просмотра
Сұрақ-жауап

​Жаяу жүргіншілер жолы қайда?

– Нұрсая ықшамауданынан қала орталығына қарай автобустар жүйелі қатынамайды. Нұрсаяның көптеген тұрғындары орталыққа дейін жаяу жетуге мәжбүр. Ал Құрманғазы көшесінен Нұрсаяға дейінгі қиылыста және Құрманғазы көшесінің бойынан «Тамаша» сауда үйіне дейінгі Бейбарыс даңғылының бойында жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Жаяу жүргіншілер көлік жолымен өтетіндіктен аталмыш көлік жолдарында жол-көлік оқиғасы жиі туындайды, жаяу жүргінші жолы қашан салынады? 16 шілде 2015, 00:00 5 781 просмотра
Сұрақ-жауап

​Әр септиктің орны бар

– Балауса ықшамауданындағы №7 және №8 көшелерде жеке үйлердің септиктері көлік жолында орналасқан. Жолдар асфальтталмаған және құдықтар жаяу жүргіншілер мен автокөлікке қауіп төндіріп тұр. Құдықтардың үй ауласында орналасуы тиіс екендігі туралы қандай да болмасын стандарттар бар ма? 16 шілде 2015, 00:00 2 155 просмотра
Сұрақ-жауап

​ДСҰ-да өзгерістер бар ма?

– Мен Армения азаматымын, Атырауға жұмысқа орналасқым келеді. ДСҰ-на қатысушы ел азаматтарының жұмысқа орналасу тәртібі Қазақстанның осы ұйымға кіруіне байланысты өзгерді ме? Көші-қон полициясына кеңес алуға жүгінгенмін, бірақ жауап ала алмадым. 9 шілде 2015, 00:00 2 098 просмотра
Сұрақ-жауап

​Суға ақша жоқ, кешікпей жолдар салынады

– Биылғы жылдың сәуірінде Еркінқала-2 поселкесі тұрғындарының жиналысында Еркінқала селолық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВ биыл поселкемізде су құбыры желісі мен жолдар салынатынын хабарлаған еді. Содан бері қарай екі ай өтті. Ал құрылыс техникалары әлі көрінбейді. Поселкеде жер телімдері бес жыл бұрын берілді. Ал бір жылдан кейін тұрғындардың көпшілігі өз үйлерін салып алды. Бізде су мен жол қашан болады? 9 шілде 2015, 00:00 2 768 просмотра
Сұрақ-жауап

​Көшедегі проблемалар

– СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесінің қалған бөлігін (320 метрін) қашан асфальттайды? Ескі су құбыры қашан ауыстырылады? Көшедегі тозығы жеткен ескі электр желілері қауіп тудырады. Алты жыл бұрын осы көше бойында қосалқы станция салынатындығын айтқан еді. Алайда содан бері ештеңе өзгермеді. Бұл мәселелер қашан шешіледі? 9 шілде 2015, 00:00 1 925 просмотра
Сұрақ-жауап

​Қызықты қызмет түрі

– Атырау қаласындағы жеке секторда кәріз жүйесі жоқ, ал үй қожайындарынан кәріз жүйесінің қызметі үшін ақы алынады. Егер септиктерді тұтынушылардың өздері орнататын болса, КМК-ге не үшін төлейді? Сондай-ақ, тұтынушылар қоқыр-соқырдан тазартатын машинаның қожайындарына сарқындыларды тартып, қабылдау қосынына дейін тасымалдағаны үшін ақы төлейді. Жеке секторда кәріз қызметі үшін тариф неден жасалады? 2 шілде 2015, 00:00 2 616 просмотра
Сұрақ-жауап

​Тамызда келіңіз

- Менің 3 жастағы немереме Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «эпилепсия» диагнозын қойды. Оған мүгедектік тағайындау үшін Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жанындағы дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясы мүгедектік анықтамасы төрт айдан соң берілетінін айтты. Ол үшін бала Тұрғындар қалашығындағы оңалту орталығына жатып шығу керек екен. Ал оңалту орталығында баланың сіңірі тартып қалатыны бар деп қабылдамай отыр. Енді мен не істеуім керек? 25 маусым 2015, 00:00 2 543 просмотра
Сұрақ-жауап

​Препараттар тапшы

- Мен демікпемен ауырамын, диспансерлік есепте тұрмын, «Серетид» препаратын тегін алуға тиіспін. Бірақ бізде Құлсарыда жыл басынан бері бұл дәріні тегін бермейтін болған. Мен үнемі өз дәрігеріме телефон соғып тұрамын. Бірақ тендерге бүкіл құжаттардың дер кезінде жіберілгенін, ал тендер қорытындысы әлі жоқ екенін ғана білдім. Маған бұл дәрі өмірім үшін қажет, қазір мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құралды қолдануға мәжбүрмін. Айтпақшы, ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір жәйт: неліктен облыс жарамдылық мерзімі бітейін деп тұрған дәрі-дәрмектерді сатып алады? 25 маусым 2015, 00:00 1 945 просмотра
Сұрақ-жауап

​Емхананы таңдау - өз еркіңізде

- Мен тұрғылықты мекенжайым бойынша ешқашан дәрігерлерге қаралған емеспін. Тиісінше, ешбір емханаға бекітілмегенмін. Егер менде есептен шығару талоны жоқ болса, маған қалай емханаға тіркелуге болады? 25 маусым 2015, 00:00 2 319 просмотра
Сұрақ-жауап

​Аула жеке үйге тиесілі

– Мен Тайманов, 58 мекен-жайында тұрамын. Біздің ПИК ауланы асфальттауға ақша жинауда. Алаңы 109 шаршы метрдей болатын менің пәтеріме 155 мың теңге төлеуге есепшот әкелді. Бұл қаншалықты заңды? Үйішілік жолдарды асфальттауға қаржы бюджеттен бөлінбей ме? 18 маусым 2015, 00:00 2 132 просмотра
Сұрақ-жауап

​Әуелі үй саласыз

- Бізге екі жыл бұрын әуежай трассасы маңынан жер телімін пайдалануға берді. Енді оған үй салайық десек, су, газ, жарық желілері жүргізілмеген. Әкімдік жерді иелену құқығын екі жылға уақытша ұзартып берді. Бірақ олар уақытша мемлекеттік актісін берді. Неге жер сатып алған адамға тұрақты мемлекеттік акт берілмейді? 18 маусым 2015, 00:00 2 023 просмотра
Сұрақ-жауап

​Жаппай ұсыныс қаруы

– Жарамсыз газ тапаншасын қайта тіркегім келген, бірақ құқыққорғау органдарында маған оны кәдеге жаратуға тапсыруды ұсынды. Тапаншаны тапсырдым, ал қолыма ешқандай құжаттар алған жоқпын. Сол жерде ұсталған тапаншаны алуды ұсынды. Қаруды кәдеге жаратуды тапсыру процедурасы қандай? Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды алуға болатыны рас па? Ол қалай ресімделеді? 4 маусым 2015, 00:00 1 614 просмотра