Атырау, 24 қараша 13:04
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылқоғада тасқын салдарынан су шайған жолдар мен көпірлер қалпына келтірілуде

659 просмотра

Қазіргі таңда тасқын кезінде бүлінген автомобиль жолдары мен көпірлер уақытша қалпына келтіріліп, көлік қатынасы реттелді.                                                                                          

«Көктемгі тасқын кезінде Қызылқоға ауданы аумағындағы 245,4 шақырым болатын “Сағыз - Миялы - Қарабау” бағытындағы автомобиль жолының 2,5 шақырымы және осы жол бойында орналасқан көпірлерді тасқын су шайып кеткен болатын.

Сондай ақ, "Миялы-Қарабау" бағытындағы жолдың 750 метр аумағын су басып, Кенен көпірінің 15 метр бөлігі бұзылды. Тасқын су салдарынан Көздіғара көпірі де зақымданған еді. Бүлінген нысандар жергілікті бюджет есебінен  толықтай қайта қалпына келтіріледі.  Қазіргі уақытта Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде» делінген Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

19 мамыр, 03:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.