Ағысы қатты өр суының елдімекендерге қауіпін сейілту мақсатында «Атырау – Орал» тас жолында Сарайшықтан кейінгі 44-шақырымдағы жол жырылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Қазіргі таңда Оралға жол жүретін автокөліктер Исатай ауданына қарасты Х.Ерғалиев ауылы арқылы Махамбет ауданына шығып, әрі қарай «Атырау – Орал» тас жолымен қатынай алады.
"Атырау - Индер" облыстық маңыздағы авто жолымен жүріп, Ортақшыл ауылы (Махамбет ауданы) тұсындағы көпір арқылы, әрі қарай «Атырау – Орал» тас жолымен қатынай алады.
Махамбет ауданы мен Атырау қаласы аралығында қатынайтын автожүргізушілер «Атырау - Индер» трассасымен, Ортақшыл селосы тұсындағы Махамбет көпірі арқылы қатынай алады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ