Атырау, 24 қараша 12:35
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аймақ басшысы Махамбет ауданында барды

Бейнежазба
1 043 просмотра

Бұл ретте аймақ басшысы Серік Шәпкенов Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай және Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту және оны күшейту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді.

Осылайша республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолынан (72 км) су өткізу туралы шешім қабылданды.

Бұл бағытта қатынайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолы бойымен жүреді.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов жұмыстармен танысқан соң аудан әкіміне бөгет бойындағы кезекшілікті күшейтіп,  қажетті техникалармен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтуды тапсырды.

Махамбет ауданында тасқынның алдын алу үшін салынған бөгеттерінің ұзындығы  - 105,8 км.


19 мамыр, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.