"Атырау - Орал" республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасуда, деп хабарлайды
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
"Бұл шешім өр суының көп келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданып отыр.
Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілді.
Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды.
Жағдай тұрақты, ауылдық елді-мекендерге қауіп жоқ.
Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер - Атырау трассасы арқылы қатынай алады.