Атырау, 26 желтоқсан 13:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Клинтон: АҚШ-тағы хакерлік шабуылды Ресей жасағанына күмән жоқ Әлемде

Клинтон: АҚШ-тағы хакерлік шабуылды Ресей жасағанына күмән жоқ

АҚШ президенттігіне Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон Ресейдің АҚШ-тағы ұйымдарға кибер шабуыл жасағанына "еш күмәны" жоғын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Йорктегі Хофстра университетінде Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамппен өткен алғашқы дебатта айтты. Клинтон Трампты Ресей президенті Владимир Путинді америкалық мекемелерге хакерлік шабуылға жария түрде шақырғаны үшін айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 27 қыркүйек 2016, 10:05 2 730 рет қаралды
Қ.Қасымов Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті Қазақстанда

Қ.Қасымов Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті

Үкіметтің бүгінгі отырысы басталмас бұрын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ұзынағаштағы мал сатуға барып, қылмыскерлердің құрбанына айналған үш жігіттің қазасына қатысты ақпарат беруді сұрады. Осы мәселе бойынша есеп берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов қылмыстың xронологиясын айтып берді. Үкімет басшысы елдің дүрлігіп қалуына байланысты аталған мәселені министрдің жеке бақылауына алуды тапсырды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 09:51 2 421 рет қаралды
Лаңкестер тізіміне іліккен ағайынды Қожаниязовтар туралы ақпарат сараптамадан өтеді Қазақстанда

Лаңкестер тізіміне іліккен ағайынды Қожаниязовтар туралы ақпарат сараптамадан өтеді

Лаңкестер тізіміне іліккен ағайынды Қожаниязовтар туралы ақпарат психологиялық-филологиялық сараптамадан өтеді. Санат пен Самат Қожаниязовтар облыстық Ішкі істер департаментін сотқа беріп, 10 миллион теңге моральдық шығын талап етіп отыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 27 қыркүйек 2016, 09:39 2 714 рет қаралды
Екібастұзда полицей мен тұрғын бір-біріне пара бергені үшін сотталды Қазақстанда

Екібастұзда полицей мен тұрғын бір-біріне пара бергені үшін сотталды

Екібастұзда жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен тұрғын мен полицей біріне бірі пара берген, сол себепті де сотты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл төлеудің орнына, ер адам учаскелік инспекторға пара берген. 27 қыркүйек 2016, 09:36 2 390 рет қаралды
Еуропарламент комитеті Киев үшін визалардан бас тартуды мақұлдады Әлемде

Еуропарламент комитеті Киев үшін визалардан бас тартуды мақұлдады

Еуропарламенттің Азаматтық бостандық, әділет және ішкі істер жөніндегі комитеті (LIBE) Еуроодақтың Украинаға визасыз режим ұсынуын қолдады, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 27 қыркүйек 2016, 09:25 1 306 рет қаралды
Ресей MH17 рейсі апатына қатысты жаңа мәліметтерін ұсынды Әлемде

Ресей MH17 рейсі апатына қатысты жаңа мәліметтерін ұсынды

Ресей қорғаныс министрлігі 2014 жылы жазда Украинаның шығысында апатқа ұшыраған малайзиялық ұшаққа қатысты делінген радиолокациялық мәліметтерін жариялады. Ол бойынша, Malaysian Airlines компаниясының ұшағын атып түсірген зымыран ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориядан атылмаған. Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтерін нидерландылық тергеушілердің MH17 рейсінің апатқа ұшырауына қатысты есебін жариялауына екі күн қалғанда ұсынып отыр,- деп хабарлады Азаттық. 27 қыркүйек 2016, 09:20 2 560 рет қаралды
Алматы облысында үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілер қамауға алынды Қазақстанда

Алматы облысында үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілер қамауға алынды

Алматы облысының Жамбыл аудандық соты үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін. Осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі өндірістің басталғаны хабарланған болатын. 27 қыркүйек 2016, 09:16 2 787 рет қаралды
Әзербайжан ОСК: Сайлаушылар президент өкілеттігін ұзартуды қолдады Әлемде

Әзербайжан ОСК: Сайлаушылар президент өкілеттігін ұзартуды қолдады

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) референдумда берілген дауыстардың жартысынан көбін санағандағы нәтиже бойынша, сайлаушылардың басым көпшілігі президенттің өкілетті мерзімін бес жылдан жеті жылға ұзартуды қолдағанын мәлімдеді. ОСК басшысы Мазахир Панаховтың 27 қыркүйекте хабарлауынша, қазірге дейін берілген дауыстардың 72 пайызы саналған. Ол бойынша, сайлаушылардың 90 пайызға жуығы конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаған. Ресми мәлімет бойынша, референдумға дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 70 пайызға жуығы қатысқан,- деп хабарлады Азаттық. 27 қыркүйек 2016, 09:11 1 750 рет қаралды
Көліктерді енді еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады Қазақстанда

Көліктерді енді еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері көліктерді тіркеу шарасын айтарлықтай оңтайландырды. Биылғы жылдың 26-қыркүйегінен бастап, ел аумағында көлік құралдарын тіркеуге эксмекенжайлы принципі енгізілді,- деп хабарлады Қазақпарат ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап. 26 қыркүйек 2016, 16:12 2 434 рет қаралды
Ұзынағаш «қанды қылмысына» бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін Қазақстанда

Ұзынағаш «қанды қылмысына» бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін

Ұзынағаш базарында мал сатып жүріп жоғалып, соңында қылмыскерлер қолынан қаза тапқан үш жігіттің өліміне бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін. Бұл туралы Baq.kz редакциясына қаза болған жігіттердің бірінің туған ағасы Адал Зарлыхан хабарлады. 26 қыркүйек 2016, 14:32 2 802 рет қаралды
АҚШ президенттігіне кандидаттар алғашқы дебатын өткізеді Әлемде

АҚШ президенттігіне кандидаттар алғашқы дебатын өткізеді

АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп жүзбе-жүз өтетін дебатқа дайындалып жатыр. Кандидаттар 26-қыркүйекте Нью-Йорктегі Хофстра университетінде жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі тоғызда дебатқа шығады. Кандиттар сайлау кампаниясы барысында барлығы үш рет дебат өткізеді,- деп хабарлады Азаттық. 26 қыркүйек 2016, 14:26 1 688 рет қаралды
Жанкүйерлердің «Атырау» ФК басшылығымен кездесуі: «Ешкім болмаса, біз кіммен ойнаймыз» Басқа жаңалықтар

Жанкүйерлердің «Атырау» ФК басшылығымен кездесуі: «Ешкім болмаса, біз кіммен ойнаймыз»

24 қыркүйекте «Атырау» ФК жаттығу базасы «Судоремонтник» стадионында футбол клубы директорының міндетін атқарушы Тимур НИГИМОВ, команда басшысы Бағдат АҒНИЯЗОВ және бас бапкер Стойчо МЛАДЕНОВПЕН барынша белсенді деген жанкүйерлердің кездесуі болды. 26 қыркүйек 2016, 12:09 3 620 рет қаралды
Медициналық сақтандыруға азаматтар қосымша жарна төлемейді - ДСӘДМ Қазақстанда

Медициналық сақтандыруға азаматтар қосымша жарна төлемейді - ДСӘДМ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтық штаб мүшелерімен селекторлық тәртіпте семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. 26 қыркүйек 2016, 12:00 2 990 рет қаралды
Тайландтың бұрынғы премьері Йинглак Чинаватқа 1 млрд доллар айыппұл салынды Әлемде

Тайландтың бұрынғы премьері Йинглак Чинаватқа 1 млрд доллар айыппұл салынды

Тайландтың бұрынғы премьер-министрі Йинглак Чинават өз міндетіне жауапсыз қарағаны үшін 35,7 миллиард бат (1 миллиард доллардан астам) айыппұл төлеуі тиіс,- деп хабарлады Қазақпарат. 26 қыркүйек 2016, 10:49 2 299 рет қаралды
Будапештегі жарылыстың себебі анықталды Әлемде

Будапештегі жарылыстың себебі анықталды

Өткен түнде Будапешт орталығында болған жарылыстың мақсаты анықталды. Қаскөйлер венгер полициясының қызметкерлерін өлтірмек болған. Бұл туралы Будапеште өткен баспасөз конференциясында полиция комиссариатының басшысы Кароль Папп мәлімдеді,- деп хабарлады BNews.kz. 26 қыркүйек 2016, 10:25 2 018 рет қаралды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейді Сириядағы ахуалға қатысты айыптады Әлемде

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейді Сириядағы ахуалға қатысты айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылауға шұғыл жиналғанда Сирия әскери-әуе күштерінің ұшақтары қоршауда тұрған Алепподағы көтерілісшілер шептерін бомбалады. Жиын басында БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирия үкіметін Алепподағы бейбіт тұрғындарға "шектен тыс әскери зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр" деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 26 қыркүйек 2016, 10:01 1 938 рет қаралды
​Кішкентай қызын жол бойында тастап кеткен Басқа жаңалықтар

​Кішкентай қызын жол бойында тастап кеткен

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты автотрасса бойында бес жасар қызын қалдырып кеткен әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы Махамбет аудандық білім бөлімінің талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. 23 қыркүйек 2016, 22:58 2 424 рет қаралды
Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады Қазақстанда

Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады

Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады. Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 23 қыркүйек 2016, 16:46 5 364 рет қаралды