Атырау, 26 желтоқсан 14:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Керри мен Лавров Алепподағы ахуалды телефон арқылы талқылады Әлемде

Керри мен Лавров Алепподағы ахуалды телефон арқылы талқылады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өткен түні телефон арқылы әңгімеде Сириядағы жанжалды бірлесіп реттеу мүмкіндіктерін талқылаған. Бұл туралы Reuters хабарлады. Алепподағы жанжалдың ушығуы сөз болған әңгіменің жай-жапсары жайлы ештеңе айтылмайды,- деп хабарлады Азаттық. 3 қазан 2016, 09:50 1 932 рет қаралды
Алматы әуежайында сынап төгіліп, жолаушылар қауіпсіз орынға көшірілді Қазақстанда

Алматы әуежайында сынап төгіліп, жолаушылар қауіпсіз орынға көшірілді

Алматы әуежайында халықаралық рейсті күтіп отырған жолаушыларды тексеретін аймақта сынап төгіліп, бүкіл жолаушылар мен қызметкерлер қауіпсіз орынға көшірілді, деп хабарлайды BNews.kz. 3 қазан 2016, 09:44 1 515 рет қаралды
Алматы облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды Қазақстанда

Алматы облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды

Алматы облысында 78460 әскери бөліміндегі мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 3 қазан 2016, 09:42 2 323 рет қаралды
«Бұрғылау» құрылтайшысының өкілі Жаңаөзенде наразылармен кездесті Қазақстанда

«Бұрғылау» құрылтайшысының өкілі Жаңаөзенде наразылармен кездесті

Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» кәсіпорнында жалақы мен еңбек жағдайына қатысты қойған талаптарына басшылықтан жауап күтіп, жұмадан бері күнделікті жиналып жүрген жұмысшылармен бүгін компания құрылтайшысының өкілі Рахмет Хайроллаев кездесті,- деп хабарлады Азаттық. 3 қазан 2016, 09:37 1 826 рет қаралды
​​Жүргізуші өзін үш адамның өліміне кінәлі санамады Оқиға

​​Жүргізуші өзін үш адамның өліміне кінәлі санамады

Исатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзу») бойынша азамат Р.Ж.-ны кінәлі деп тауып, оған қоныс колониясына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 1 қазан 2016, 23:39 2 329 рет қаралды
​ҚР мен РФ-ның бизнес қорғаушылары Атырауда кездесті Басқа жаңалықтар

​ҚР мен РФ-ның бизнес қорғаушылары Атырауда кездесті

Қазақстандық бизнестің Ресейдің мемлекеттік органдарының өкілдерімен өзара әрекеттесу проблемасы Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында өткен ҚР бизнес-омбудсмені Болат ПАЛЫМБЕТОВ пен Волгоград облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Ольга УСТИНОВАМЕН болған кездесу кезінде талқыланды. 1 қазан 2016, 00:21 2 321 рет қаралды
SOHR: Сирияда бір жылда Ресей шабуылынан 10 мыңға тарта адам мерт болды Әлемде

SOHR: Сирияда бір жылда Ресей шабуылынан 10 мыңға тарта адам мерт болды

Сириядағы соғыс барысын бақылайтын Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы Ресей әскери-әуе күштерінің шабуылынан бір жылда 9 мыі 364 сириялық қаза тапқанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 30 қыркүйек 2016, 16:53 2 291 рет қаралды
Қазақстанда «балалар интернеті» енгізіледі – ақпарат министрлігі Қазақстанда

Қазақстанда «балалар интернеті» енгізіледі – ақпарат министрлігі

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ғаламторды пайдалану бойынша адамның жасына қарай тиісті шектеулер бар. Алайда барлық нормалардың орындалуын бақылау қиынға соғып отыр. Осыған байланысты қазіргі кезде министрлік ақпарат пен коммуникациялар саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Соның ішінде балаларды зиянды ақпараттан қорғау мәселесі де бар. Депутаттар аталған заң жобасын тездетіп қарауға енгізуді сұрап отыр, деп хабарлайды Baq.kz. 30 қыркүйек 2016, 16:36 1 903 рет қаралды
​«Теңізшевройл» коммерциялық құпияға қатысты өз құқығын қорғай алмады Басқа жаңалықтар

​«Теңізшевройл» коммерциялық құпияға қатысты өз құқығын қорғай алмады

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (ТМРжБҚК) сайтында Астана қаласында «Теңізшевройл» ЖШС-нің Атырау облыстық ТМРжБҚК департаментіне қатысты талап-арызы бойынша өткен сот отырысы туралы ақпарат жарияланды. 30 қыркүйек 2016, 15:51 2 455 рет қаралды
Сирияда неміс журналисі мен оның баласы тұтқыннан босатылды Әлемде

Сирияда неміс журналисі мен оның баласы тұтқыннан босатылды

Сирияда содырлардың тұрқынында бір жылдан астам уақыт отырған германиялық журналист Янина Финдайзен босатылды. Ол қазір Түркияда отанына оралуға дайындалып жүр, деп хабарлады Baq.kz. 30 қыркүйек 2016, 11:13 1 754 рет қаралды
Слекишина ісі: Айыпталушы Хакимов 9 жылға сотталды Қазақстанда

Слекишина ісі: Айыпталушы Хакимов 9 жылға сотталды

Алматының Түрксіб аудандық сотында "түрмеде зорланып, бала тапқан" тұтқын Наталья Слекишинаның ісі бойынша үкім шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауына қарағанда, іс бойынша сотқа тартылған бұрынғы түрме қызметкері Руслан Хакимов "адам зорлады, азаптады және қызмет бабын асыра пайдаланды" деп айыпталып, тоғыз жылға сотталды. Судья Айсара Жылқыбаева Хакимовтың дүние-мүлкін тәркілеп, әскери шенінен және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруға үкім кесті,- деп хабарлады Азаттық. 30 қыркүйек 2016, 10:59 2 902 рет қаралды
Астаналық мамандар лаңкестер шабуыл жасаған нысандарды аралайды Қазақстанда

Астаналық мамандар лаңкестер шабуыл жасаған нысандарды аралайды

Астаналық мамандар маусымда лаңкестер шабуыл жасаған барлық нысанды аралап көреді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 30 қыркүйек 2016, 09:48 2 036 рет қаралды
Ресей жоғарғы соты: Меджлиске тыйым салу - заңды Әлемде

Ресей жоғарғы соты: Меджлиске тыйым салу - заңды

Ресей жоғарғы соты Қырым сотының Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - меджлисті тарату туралы шешімін заңды деп тапты. Меджлистің мүддесін қорғаушы адвокат Кирилл Коротеевтің айтуына қарағанда, ол жоғарғы сот шешіміне қарсы Страсбургтегі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағымданады,- деп хабарлады Азаттық. 30 қыркүйек 2016, 09:45 2 494 рет қаралды