Атырау, 21 қыркүйек 18:23
 дождьВ Атырау +29.5
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Астанада апалы-сіңлілі күйеулерімен бірге притон ұйымдастырды деп айыпталып жатыр

99 рет қаралды

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 болжамды қатысушысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Оларға притон ұйымдастырды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды тартып жеңгетайлықпен айналысты деген айып тағылды. Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды елорда прокуратурасы.

Тергеу бойынша, 2023–2025 жылдары апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерде сексуалдық қызмет көрсетуді ұйымдастырған. Топ құрамына күзетшілер, әкімшілер және әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі жарнамаға жауапты адамдар кірген.

Қыздарды қаладағы түнгі клубтардан іздеген. Оларға жоғары табыс, баспана, қауіпсіздік және құпиялылық уәде етілген.

Прокуратура хабарлағандай, топ қатысушылары клиенттердің алкогольдік мас күйін де пайдаланған: оларға күш қолданып, ақша бопсалаған және жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстаған.

Барлық 15 фигурант ұсталды. Оларға қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Айыпталушылардың әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Бүгін, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.