Атырау, 3 маусым 20:50
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Досаев жаңа қызметке келді

2 385 рет қаралды


ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Cондай-ақ, Тимур Сүлейменовтің ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылғаны айтылады. Қаулының қол қойылған күннен бастап жүзеге асатыны айтылады. 

Ерболат Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған. Ал тамызда Досаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


9 қазан 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.