Атырау, 23 желтоқсан 01:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда адвокат қызметіне төлем жасаудың тарифтік кестесі әзірленеді

2 117 рет қаралды


Қазақстанда адвокаттар қызметіне төлем жасаудың тарифтік кестесі әзірленеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасындағы заңгерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференцияда ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру департаментінің директоры Бахтыгүл Атақазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Халықты құлақтандыру және әділ бағаны белгілеу үшін адвокаттардың көмегіне төлем жасаудың тарифтік кестесін әзірлеу қарастырылу үстінде. Ұсынылып отырған тарифтің арқасында азаматтар заңгерлік көмектің белгілі бір орташа бағасын білуге мүмкіндік  алып және оның негізсіз еселенуінен құтылады», - деді ол. 

Атақазиеваның атап өтуінше, көрсетілетін заңгерлік көмекке арналған тарифтік кестені әзірлеу және оны бекітумен республикалық адвокаттар алқасы айналысады. Тарифтік кесте ұсыныс сипатына ие және кез келген адамға қолжетімді болады. 

Айта кетейік, елордада «Қазақстан Республикасындағы заңгерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтуде. Шара барысында қатысушылар еліміздің Әділет министрлігі әзірлеген «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы», «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылауда.

Дереккөз: ҚазАқпарат


6 қазан 2017, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.