Құрама Штаттың көптеген ақпарат көздерінің хабарында, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) мердігері маңызды құпия материалдарды алып, өз компьютеріне орналастырғандықтан, Ресей үкіметі үшін жұмыс істейтін хакерлер АҚШ-тың сыртқы компьютерлік желілерді және қорғаныстық кибершабуылдарға қалай ене алатыны туралы мәліметтерді ұрлаған деп мәлімдеуде. Бұл туралы «WSJ» басылымы жазды.
Ақпарат көздерінің мәліметінде, келісімшарттар бойынша хакерлер осы файлдарды анықтау үшін танымал ресейлік антивирус программаларын жасаушы «Касперский зертханасы» бағдарламасын пайдаланады, содан кейін келісімшарт бойынша қызметкерлерді құрсаулайды. Осы саланың мамандарының пікіріне қарағанда, бұл соңғы кездегі ең үлкен желілік шабуыл операциясы болып табылады.
АҚШ барлау агенттерінің айтуынша, мұндай кибершабуыл 2015 жылы да болған, алайда із-дерегі өткен жылдың көктемінде ғана белгілі болған. Ұрланған материал NSA сыртқы компьютерлік желілерге қалай кіретіні туралы мәліметтерді, компьютер кодтарын бақылау және АҚШ-тың компьютерлік желісінің бөлшектерін қалай қорғау материалдарын қамтиды. Ресей үкіметі осы ақпаратты игеру үшін өз желісін қорғау туралы нақты мәліметтерді білген болуы мүмкін. Бұл әрине NSA жұмысының қиындығын арттырады.
Ең қиыны ресейлік хакерлер NSA қолданатын әдістер арқылы өзге елдердің желілеріне кіруі мүмкін делінген. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ресейлік хакерлер Kaspersky бағдарламалық жасақтамасын американдық үкіметке қарсы шпиондық іс-қимыл жасау үшін қолданатыны белгілі деп қарайды. Ал, Халықаралық деректер корпорациясының мәліметіне сүйенсек, «Касперский зертханасы» өткен жылы Батыс Еуропада және Америкада 500 миллион доллардан астам құнға ие бағдарламаларын сатқан.
Дереккөз: qazaqtimes.com