Атырау, 27 қараша 00:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жылу жүйесіне бояу құйылады

2 039 просмотра

«Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» (ТҮКҚ) ЖШС тұрғындар радиаторлардан (қарапайым тілмен - батареялардан) өздерінің тұрмыстық мұқтаждығы үшін ыстық суды тегін алуды тоқтатпаса, Балықшы поселкесінің жылу жүйесіне бояу құюға уәде берді.

Анықталғандай, қыркүйекте Нұрсая ықшамауданындағы 60-тан астам көпқабатты үйді жылытумен айналысатын ТҮКҚ ЖШС-сін Атырау қалалық әкімдігінің шешімімен балықшылық қазандыққа қосты.

- Бүл шығынды жылу қазандығы. Бұрынғы жылумен қамтушы мекеме 91 млн теңге мөлшерінде қарызға батты. Жылумен қамту тарифі төмен, оны 30-40%-ға көтеру керек. Қазандықтар жаңа, бірақ жылу трассалары нашар. Біздің бригадалар енді оларды жөндеумен айналысуда. 15 қазанға дейін үлгереміз деп ойлаймын, - деп әңгімелейді ТҮКҚ директоры Зұлқаш НАУБЕКОВ.Қарыз үшін газды, суды және электр қуатын ажыратып тастады. Мен келісім жүргізіп, содан кейін суды, жарықты қайта қосты. Егер газды да қосса, қазандықтарды тексереміз. Ал қарызды бережақ компания қайтаратын болады. Бір проблема - күн сайын поселке тұрғындары жылу радиаторларынан 18 мың текше метрден ыстық су алады. Біз өз кәсіпорнымыздың банкротқа ұшырауына жол бермейміз. Жылу жүйесіне бояу құятын боламыз! ТҮКҚ бұл жерде бір маусым ғана жұмыс істейді. 2018 жылы қалалық билік поселкені ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосуға уәде беріп отыр.  

16 қазанда сағат 11-де Балықшы поселкесіндегі Жангелдин атындағы мектептің акт залында ТҮКҚ өтінімі бойынша жылу тарифін көтеру жөнінде жұртшылық тыңдауы өтеді. Жергілікті тұрғындарға барған жөн еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2017, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.