Кеше Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаның вице-спикері және «Біртұтас Ресей» парламенттік фракциясының жетекшісі Владимир Васильевті Дағыстан Республикасы басшысының уақытша міндетін атқарушы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ол Дағыстанды 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарған Рамазан Абдулатиповтің орнына келді.
Владимир Абдуалиевич Васильев 1949 жылдың 11 тамызында Мәскеу облысының Клин қаласында қазақ отбасында дүниеге келген. Туған кезде аты-жөні Алик Әбдуәліұлы Асанбаев болған. Кейіннен атын және тегін өзгертіпті.
Әкесі Асанбаев Али Асанбаевич (ұлты қазақ) педагог болды, анасы Надежда Ивановна Васильева балабақшада тәрбиеші болып еңбек етті.
1972 жылы КСРО ІІМ Мәскеу арнайы орта милиция мектебін, 1978 жылы Жалпыодақтық заң институтын, 1991 жылы КСРО ІІМ академиясын бітірген.
1967-1997 жылдар аралығында ішкі істер саласында түрлі лауазымды қызметтер атқарды.
1997 жылдың 26 сәуірінде РФ ішкі істер министрі Анатолий Куликовтың бірінші орынбасары болып тағайындалды.
1999 жылдың 31 мамырында РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Владимир Путиннің, осы жылдың тамызынан бастап қауіпсіздік кеңесінің жаңа басшысы Сергей Ивановтың орынбасары болды.
2011 жылдың 28 наурызынан РФ ішкі істер министрі Борис Грызловтың орынбасары қызметіне тағайындалды.
2003 жылдан бастап – РФ Федеральды жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты (IV, V, VI, VII шақырылымдар).
Қыркүйектің соңында Ресей президенті екі облыстың губернаторын отставкаға жібергенін хабарлаған едік. Владимир Путин барлығы оншақты аймақ басшысын ауыстырмақшы.
Дереккөз: Baq.kz