2 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-тармағының 2-тармақшасында («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен «Атырау Су арнасы» КМК басшысы Андрей ТАШЛЫКОВТЫ ұстады.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді, деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Көп ұзамай осы істің егжей-тегжей белгілі болады деп үміттенеміз. Өйткені кәсіпорын да стратегиялық маңызды нысан, оның ұсталған басшысы да қала тұрғындарының көпшілігіне жақсы таныс.
Фархат ӘБІЛОВ