Атырау, 27 қараша 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Депутаттыққа үміткерлер тіркелді

3 623 просмотра


29 қазан күні шығып қалған алты мәслихат депутатының орнына жаңадан депутаттарды сайлау өткізілуіне байланысты Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ (суретте) брифинг өткізді.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 29 қыркүйекте аяқталған болатын. Атырау облысында сайлау 6 округ бойынша өтеді. Облыстық мәслихатқа екі депутат, тағы екеуі қалалық мәслихатқа және бір-бірден Құрманғазы аудандық мәслихатына және Исатай ауданы мәслихатына сайлануы керек.

- Әр сайлау округі бойынша үш кандидаттан ұсынылды. Барлық 18 адам кандидат болып тіркелді,  - деп хабарлады А.Ибрашев.

Тиісті партиялық ұйымдардан «Нұр Отаннан» депутаттыққа үміткерлер ұсынылды: облыстық мәслихатқа - Өмірзақ ЗИНУЛЛИН, Баязи ӘБДЕШОВ; қалалық мәслихатқа – Сәбит РЗИЕВ, Әділбек ЗАЙДУЛЛИН; Құрманғазы ауданында – Жігер ЖАҢҚАНОВ; Исатай ауданында – Алмас АМАНБАЕВ ұсынылғандар. Қалған 12 үміткер алты округ бойынша сайлауға түседі. Олар өзін-өзі ұсынғандар.

Үгіт-насихат жұмыстарын 4-27 қазан аралығында өткізуге рұқсат етілген. Ал сайлау 29 қазан күні сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

«АЖ»-ның мәслихат депутаттары Абат ТАСИМОВ (екі айға үй қамағына алынды) пен Андрей ТАШЛЫКОВТЫҢ (2 қазан күні ұсталды) жағдайына қатысты сұрағына төраға комиссияға ешқандай өтініш түспегенін, ол туралы мәліметті мәслихаттың хатшысынан сұрау керектігін атап өтті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

4 қазан 2017, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.