Атырау, 21 қыркүйек 21:42
 дождьВ Атырау +25.7
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

​Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылады

100 рет қаралды

2026 жылғы 18 қарашада электронды сауда арқылы 56 мұнай-газ учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі. Өтінімдер 5 қазанға дейін қабылданады, деп хабарлайды Finratings.kz.

Көптеген учаскелер елдің батысында — Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында орналасқан. Тізімге Қаражанбас мұнай кен орны мен Тамдыкөл газ кен орнының жекелеген учаскелері де енгізілген. Бұл аумақтарда басқа пайдаланушылардың құқықтары әлі рәсімделмеген.

Аукцион Астана уақытымен сағат 10:00–17:00 аралығында өтеді, сауда басталуы 11:00-ге дейін жоспарланған. Болашақ инвесторлар геологиялық барлау мен барлау ұңғымаларын бұрғылауды қаржыландыруға міндетті болады. Инвестициялық талаптар учаскеге қарай өзгереді. Сонымен қатар, отандық жабдық пен қызметті пайдалану, жұмысшылар құрамына қатысты талаптар қойылады.

Еске сала кетейік, 2022 жылдан 2026 жылдың екінші тоқсанына дейін Қазақстанда міндеттемелерді жүйелі түрде орындамағаны үшін 11 мұнай-газ келісімі бұзылған. Мемлекетке қайтарылған учаскелер инвесторларға қайтадан аукцион арқылы ұсынылады.

Бүгін, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.