
Атырау облысының әкімі Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулы Жамолиддинхожа Абдукаримовпен және көші-қон мәселелері жөніндегі атташе Достон Махмудовпен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 90,8 млн АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірде өзбекстандық капиталы бар 296 компания жұмыс істейді.
Тараптар өзара сауда көлемін арттыру, өнім түрлерін кеңейту және кәсіпкерлер арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар өңіраралық көлік қатынастарын дамыту, әуе және автокөлік бағыттарын көбейтуге ерекше назар аударылды.
Кездесуде еңбек миграциясы, бірлескен инвестициялық жобаларға шетелдік мамандарды тарту мәселелері де қаралды.
Тараптар екі жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.
В Атырау +25.7