Атырау, 23 сәуір 11:16
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Сүлейменов: Осы жылы инфляция 7,5 пайыз болады

1 794 просмотра

Фото: ҚазАқпарат

Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция деңгейі жоспарланған көрсеткіштен аспайды және шамамен 6,9-7,5%-ды құрайды. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Үкімет отырысында осылай мәлімдеді. 

"Біздің болжамымыз бойынша инфляция дәлізі 2017 жылы 6,9-7,5% деңгейінде болады", - деді Сүлейменов. Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері инфляциялық процестер біраз бәсеңдеген. Қыркүйек айындағы инфляция көрсеткіші 0,3%, жыл басынан бері 4,2%-ды құраған. Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, осы жылдың 4-ші тоқсанында, яғни мерекелік күндер есебі бойынша және жемістер мен көкөністер, ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуінен инфляция деңгейі жоғарылайды. "Азық-түлік бағалары жоғарылайды, қазан айында 0,7-0,9%, қарашада  1-1,1%, желтоқсанда – 0,9-0,11% болады", - деді министр. 

Оның айтуынша, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы қайта жөндеу жұмыстарына байланысты бензин бағасы қымбаттап және ол басқа да тауарлар мен қызметтер құнының ұлғаюына әсер етуі мүмкін. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


3 қазан 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.