Атырау, 18 маусым 15:00
 дождьВ Атырау +30.3
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Барлық жаңалық

​Анкарада жүрдек пойыз жерасты өткеліне соқтығысты Әлемде

​Анкарада жүрдек пойыз жерасты өткеліне соқтығысты

Бүгін Анкара-Конья жолаушылар жүрдек  пойызы Енимахалле ауданында Маршандиз стансасында жерасты жаяу өтпе жолына соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.  13 желтоқсан 2018, 10:58 1 386 рет қаралды
Павлодардағы шенеунік пен бас дәрігердің төбелесі: сот шешімі шықты Қазақстанда

Павлодардағы шенеунік пен бас дәрігердің төбелесі: сот шешімі шықты

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметкері аурухананың бас дәрігерін соққыға жыққаны үшін жазаланды. Сот Павлодар облысы денсаулық сақтау басқарамасы қызметкеріне жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерін ұрып-соққаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 13 желтоқсан 2018, 10:54 2 053 рет қаралды
Жайықта бекіре тұқымдас балықтар да қырылып жатыр Басқа жаңалықтар

Жайықта бекіре тұқымдас балықтар да қырылып жатыр

Әлеуметтік желілерде өлі балықтарға қатысты жаңа бейнежазба пайда болды. Бұл жолы тор ішінде өлі бекіре тұқымдас балықтар су бетінде қалқып жүр. «AЖ» хабарласқан мамандар мұның Курилкино маңындағы Жайықтың Садок тармағының ортасында орналасқан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС Атырау филиалының тоғаны екенін хабарлады. Балық өсіру фермасына едәуір залал келген. Бейнежазба 13 желтоқсан 2018, 10:34 5 105 рет қаралды
Аялдамалар: Әсемдік пен жұтаңдық Басқа жаңалықтар

Аялдамалар: Әсемдік пен жұтаңдық

Желтоқсан мұнайлы астана тұрғындары үшін жайлы басталмады: аяз түсіп, тайғақ болды. Ауа-райының қолайсыздығынан автобустар қызбай қалып, қала тұрғындарына аялдамаларда ұзақ күтуге тура келді. Айтпақшы, аялдамалардың кейбірі адам аярлықтай күйде, бұған «АЖ» тілшісінің өзі көз жеткізген болатын.  Сурет 13 желтоқсан 2018, 00:00 3 302 рет қаралды
Жайықтың жағасындағы ауыл сусыз отыр Басқа жаңалықтар

Жайықтың жағасындағы ауыл сусыз отыр

Жайық жағасында орналасқан Махамбет ауданы Сарайшық ауылының басым бөлігі төрт жылдан бері ауыз суға жарымай отыр. Халықты ауыз сумен қамтуға 2012 жылы қолданыстағы су желісін қайта жаңғыртуға 60 млн, 2014 жылы 206 млн теңге қаржы бөлінген, алайда... Құбырлар тартылып, су тазалау қондырғысы (СТҚ) салынғанымен, іске жарамсыз болып шықты.  13 желтоқсан 2018, 00:00 3 094 рет қаралды
Қала деген аты бар... Басқа жаңалықтар

Қала деген аты бар...

Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласындағы көпқатарлы 87 үй тұрғындарының жартысына жуығы орталық жылу желісі беретін жылудың аздығына байланысты 2000-жылдардан бері рұқсатсыз дербес қазандықтар орнатып алған. Бұл енді жергілікті биліктің күрмеуі қиын мәселесіне айналған.  13 желтоқсан 2018, 00:00 2 559 рет қаралды
"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді? Қазақстанда

"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді?

Байланыс сапасы мен тарифтер бағасы өзгермейді, деп сендірді Есекеев. "Қазақтелеком" АҚ ұлттық компаниясы Telia Company және Fintur Holdings BV компанияларынан KCell дауыс беруші акцияларының 75%-ын сатып алу туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Қазақтелеком баспасөз қызметі. 12 желтоқсан 2018, 17:31 2 165 рет қаралды
Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды Басқа жаңалықтар

Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қалада Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің барлығына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді. 12 желтоқсан 2018, 14:32 4 940 рет қаралды
Мұз бен жалын Басқа жаңалықтар

Мұз бен жалын

Атырау облысының су қоймалары біртіндеп мұз құрсануда. Бұл мұз қабыршағы енді ғана түзіле бастаған ең қауіпті кезең. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өмірін жалмауы мүмкін», - деп ескертті «Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Ершат ҚИБАШЕВ брифингте. Оның айтуынша, бүгінгі күні Атырау маңындағы мұз қалыңдығы 7-8 см, Махамбет ауданында 5-6 см, Индер ауданында 9-10 см, Жылыой ауданында 18-20 см, Құрманғазы ауданында мұз әлі қатпаған. 12 желтоқсан 2018, 17:24 2 372 рет қаралды
​Түркия Сирияда әскери операция бастайды - Ердоған Әлемде

​Түркия Сирияда әскери операция бастайды - Ердоған

Түркия Сирияның солтүстігінде Евфрат өзенінен шығыс бағытта бірнеше күннен кейін әскери операция бастайды, - деп хабарлайды Reuters. Бұл туралы ел президенті Тайып Ердоған телеарна арқылы мәлімдеді.  12 желтоқсан 2018, 17:18 2 158 рет қаралды
​Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясымен мүлде таныс емес Әлемде

​Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясымен мүлде таныс емес

Ресейліктердің 40 пайызы ел Конституциясын оқымаған. «Левада» орталығы 12 желтоқсан күні ресейліктер арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесін жариялады.   12 желтоқсан 2018, 15:04 1 198 рет қаралды
"Қашан халықпен дос боласыздар?" Назарбаева салықшылардың әрекетіне ашуланды Қазақстанда

"Қашан халықпен дос боласыздар?" Назарбаева салықшылардың әрекетіне ашуланды

Сенат депутатының айтуынша, бүгінде салық органдарының қызметінде жүйелілік жоқ. Сенат депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева салық органдарының қызметін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  12 желтоқсан 2018, 12:14 2 122 рет қаралды
Жақынды алыстатқан жол Басқа жаңалықтар

Жақынды алыстатқан жол

«АЖ» редакциясына хабарласқан Атырау қаласы Қара депо елді мекенінің тұрғындары мектепке, балабақшаға бару, қала орталығына шығу қиындап кеткені туралы шағымданды. Бұған дейін теміржол арқылы өтіп жүрген жолдарын «Ақ-жайық-7» ЖШС мекемесі қоршап тастаған. Әрине, бұл қауіпсіздік үшін жасалған шара, алайда адамдарға ыңғайсыздық тудырып отыр. Сурет Бейнежазба 12 желтоқсан 2018, 12:10 3 654 рет қаралды
Астанада қомақты ақша шешіп алған зейнеткерді банктің жанында тонап кетті Қазақстанда

Астанада қомақты ақша шешіп алған зейнеткерді банктің жанында тонап кетті

Қарияның 170 мың теңгесін тартып алған қаскүнемдер ұсталды. Астаналық полицейлер 82 жастағы кейуананы тонады деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.  12 желтоқсан 2018, 12:06 2 163 рет қаралды
​Мәскеуде онкологиялық ауруға шалдыққан балалары бар отбасыны көршілері қуып шықты Әлемде

​Мәскеуде онкологиялық ауруға шалдыққан балалары бар отбасыны көршілері қуып шықты

"Москва 24" телеарнасындағы кадрдан үзінді Мәскеуде онкологиялық аурумен ауыратын балалары бар отбасы көршілерінің шабуылына шыдай алмай, үйлерінен кетіп қалған, - деп хабарлайды "Москва 24".  Бейнежазба 12 желтоқсан 2018, 11:58 1 913 рет қаралды