Атырау, 23 наурыз 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қала береді

2 392 рет қаралды


Мемлекеттік мекемелер ғимараттарында және кабинеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қала береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

"Сондай-ақ, Елбасыға құрметті сенатор статусы берілуі керек. Бірінші Президенттің суреттері мемлекеттік мекемелер ғимараттарында, кабинеттерде, білім ордаларында тұра береді", - деді Тоқаев.

"Также считаю необходимым предоставить Елбасы статус почетного сенатора. Все фотографии с изображением Первого Президента останутся в качестве непременного атрибута публичных помещений, кабинетов государственных служащих, зданий учебных заведений", - сообщил Токаев.

Осыған дейін, Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

"Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Дереккөз: tengrinews.kz

20 наурыз 2019, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.